anchobaby
22.01.2021 14:11
Биология
Есть ответ 👍

Ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі, себептері реферат жауап берсендер 10 берем​

211
378
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


ответ:

ответ: жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді. сулы орта. су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді. сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады. гидробионтар – суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады. судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады. суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері. су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы.көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер)) фильтрация (сүзу) - қоректену көзі. кейбір гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар көп мөлшердегі суды сүзіп, ондағы кездесетін органикалық шығу текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді. су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері. бұндай су тоғандары негізінен өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

құрлықты – ауа ортасындағы тіршілік. бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. ал оттекпен жарық мол. құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және қ орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. бұл ортада ағзалардың тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар(латынша "terra" — "жер") деп атайды. бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.сулы ортаға қарағанда эволюциялық кейінірек пайда болды.

топырақ – тіршілік ортасы. топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауамен, сумен қоршалып жатыр. олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. сондықтанда топырақ тіршілікке бай. топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары: микрофауна - топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т. олар үшін топырақ – микросу тоған жүйесі. мезофауна - недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер, қырықаяқтар).олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты. макрофауна – 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар,қырықаяқтар,жәнді оларға топырақ – қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде аздаған механикалық кедергілер келтіреді. топырақ мегофаунасы – бұлар ірі жер қазушылар, негізінен сүтқоректілер болып келеді (көртышқандар), олар өмірін топырақ астында өткізеді де,қазуға бейім келеді. інде тіршілік етушілер (суырлар,борсықтар, қояндар және т.б). олар негізінен жердің үстінде қоректенеді де, көбеюі, қыстаулары, тынығулары, өз жауларынан қорғанысы топырақта жүреді. топырақ жануарлардың эволюциялық өте үлкен роль атқарды.

объяснение:

лыл3
4,5(38 оценок)

Д-

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Биология

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS