Диалог на казахском языке "отношения разных поколений". составьте небольшой диалог разговор бабушки и внука
190
465
Ответы на вопрос:
Қымыз-шипалы сусын! қымыз – ауруға ем, сауға қуат. қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. қымыз құрамында «с» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. оның ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн. дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы . қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «coco-cola», «pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «coco-cola»-ның денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. осы «coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді. «pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады. сондықтан, тек қана ата-ң ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын! бекем таласбек дерек пен дәйек: қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш. қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. қымыздың ашытқысы “қор” деп аталады. дәкеге түйген қорды сабаға немесе салып,оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын самалды құйып,ыдыстың сыртын жылы орап тастайды. қор езіліп, саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. сөйтіп жаңа қор жасалады. жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз іріктеніп кетеді) саумалды құйып, саумал әр құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырады. қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын салса,қымыз майлы әрі жұмсақ болады. әдетте,қымыздың өзінен де май шығады. ол май қымыздың бетінде қалқып жүреді. іңірде пісірілген қымызды жылылап қымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. саба мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. әжелеріміз күбіні киікотымен ыстаған. киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған. дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығады. қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады. қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс. қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне,уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатны қымыз. мұны бие бау деп те атайды. қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады. бесті қымыз — төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз. жуас қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді. құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады. қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. оны әдетте “ту қымыз” деп те атайды. қысырдың қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем- шөбі дайын қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. сондықтан да бұл қымызды “қысырдың қымызы” деп атайды. сары қымыз — шөп пісіп,биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады. сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады. түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні ( тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатын қымыз.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
AliceAngelCat12312.10.2020 20:55
-
dimdasha6611.01.2020 17:17
-
FinSpb10.05.2021 15:38
-
VikaKhudyakova28.08.2021 16:42
-
evabelova2501.09.2022 12:55
-
taisechka31.03.2023 00:35
-
папа29802.01.2022 15:04
-
ŤằтьЯℌa200504.02.2023 23:25
-
Настя52885818.03.2020 18:27
-
mitya0558dima109619.08.2021 00:11
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.