Ответы на вопрос:
Шыңғыс хан әулеті – Шыңғыс ханның үрім-бұтағы, Шыңғыс хан империясының құрамында болған Орта Азия мен Иран, Алтын Орда, Юань Қытайы, тағы басқа мемлекеттердегі моңғол билеушілері. Шыңғыс хан империясы тарағаннан кейін бұл мемлекеттер дербес өмір сүрді, дегенмен Шыңғыс хан әулеті билікті өз қолдарында сақтап қалды. Олар Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден туған 4 ұлдан тарады ұлдан тарады және “Алтын ұрпақ” (“Алтын ұруғ”) деп аталып, түркі-моңғол ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға құқылы болды. Шыңғыс ханның басқа әйелдерінен тараған ұрпақтары мұндай құрметке бөленген жоқ. Шыңғыс хан көзінің тірісінде өзіне бағынған жерлерді 4 ұлына бөліп берді. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төлеге 1227 ж. әкесінің қара шаңырағы – Моңғолия жері иелікке тиді. Бірақ Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған Үгедейдің ұрпақтары ұлы тақты өздерінде сақтап қалу үшін Төле тұқымымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Осыған байланысты көп ұзамай Шыңғыс хан әулеті арасында өзара әскери қақтығыстар жиілеп кетті. Тақтан мұрагерлер өздерінің қол астындағы ұлыстарға сүйенді. Соған байланысты империя бірте-бірте құлдырай бастады. Орталықтан бөлініп шыққан ұлыстар жеке мемлекеттерге айналып, оларды Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілер басқарды. Тіпті бұл әулетті биліктен ығыстырып, тақты өз қолдарына алған билеушілердің өздері (Әмір Темір, т.б.) Шыңғыс хан әулетіне туыс екендіктерін (күйеу, жиен, т.б.) баса көрсетіп отырды. Ұлы хандар. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына Үгедей отырды (1229 – 1241). Оның баласы Күйікке (1246 – 48) билік әкесі қайтыс болғаннан кейін 5 жылдан соң тиді. Бірақ ол 2 жылдан кейін қайтыс болып, осыны пайдаланған Төленің балалары билікті Үгедейдің ұрпақтарынан тартып алмақшы болды. Күйік дүние салған соң басталған 3 жылдық соғыстан кейін Жошы ұлысының билеушісі әрі сол кездің өзінде өзін жеке билеуші сезінетін Батудың көмегімен хан тағына Төленің баласы Мөңке отырды (1251 – 59). Империядағы билікті енді Мөңке мен Бату бөлісті (олардың шекаралары Шу мен Талас өзендері арқылы өтті). Шағатай мен Үгедей тұқымдарынан шыққан бақталастар өлтірілді. Мөңке қайтыс болғаннан кейін түркі-моңғол империясында тағы да саяси дағдарыс басталды. Енді хан тағы үшін талас Төленің балалары арасында жүрді. 1260 ж. Қарақорымда өткен құрылтайда Шағатай әулеті мен Жошы әулетінің қолдауымен Мөңкенің бауыры Арық Бұға хан тағына отырды. Сол кезде Мөңкенің Қытайдағы бауыры Құбылай да өзін ұлы хан деп жариялады. Ағайындылар арасындағы 4 жылдық кескілескен қантөгіс Құбылайдың жеңісімен аяқталды. Бірақ оның билігін батыс ұлыстардағы Шыңғыс хан әулеті мойындамады. Ұзаққа созылған өзара соғыстардан кейін 1269 ж. Талас құрылтайы өтіп, ол Шыңғыс хан империясының тарағанын ресми түрде заңдастырды. Батыстағы ұлыстар дербес мемлекеттерге айналып, оларды Шыңғыс хан әулетінің жеке тармақтары – Шағатай әулеті, Хулагу әулеті өкілдері биледі. Юань әулеті. 1271 ж. Құбылай өзін Қытайды билеуші жаңа әулет – Юань әулетінің бірінші императорымын деп жариялады. Оның астанасы Ханбалық қ. (Пекин) болды. Бұл әулет императорларының [Құбылай Темір (1295 – 1307), Тоған Темір (1333 – 68), т.б.] билігі Қытай мен Моңғолияға жүріп, 1368 жылға дейін созылды. Шағатай әулеті – Орта Азияда билік құрған Шыңғыс ханның екінші баласы – Шағатайдан тараған үрім-бұтақ. Олар кейіннен 2-ге бөлініп, бір бөлігін Шыңғыс хан әулетіне күйеу бала (Гургэн) болып келетін Әмір Темір басқарды. Екінші жағын Шағатайдың ұрпақтары биледі (қ. Моғолстан). Жошы әулеті – Жошының екінші баласы – Бату (1227 – 56) негізін салған әулет. Одан кейінгі өкілдері: Берке (1255 – 66), Мөңке Темір (1266 – 80), Туда Мөңке (1280 – 87), Төле Бұға (1287 – 91), Тоқты (1291 – 1312), Өзбек (1312 – 42), Жәнібек (1342 – 57); қ. Алтын Орда, Ақ Орда. Шайбани әулеті – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бесінші ұлы Шайбанидың ұрпақтары 15 – 16 ғ-ларда Шығыс Дешті Қыпшақ пен Мауераннахрда билік құрды. Неғұрлым әйгілі өкілдері: Әбілхайыр хан, Мұхаммед Шайбани, т.б. Хулагу әулеті немесе ильхандар – Шыңғыс хан әулетінің Ирандағы, Таяу Шығыстағы, Кавказ сыртындағы үрім-бұтақтары. 1256 ж. ұлы хан Мөңкенің қолдауымен інісі Хулагу хан (1256 – 65) негізін қалады. Оның мұрагері Абақ хан (1256 – 82) Кавказ бен Каспий бойы жерлері үшін Алтын Ордамен шайқасты. Газан хан өлгеннен кейін көп ұзамай мұнда да өзара тақ таласы күшейіп, жеке ұлыстар пайда болды. 1353 ж. ильхандардың мемлекеті жойылды (қ. Хулагу мемлекеті). Алтын Орда ыдырап, жеке ұлттар құрылған кезде олардың көпшілігін Шыңғыс хан әулеті басқарды. Солардың ішінде Қазақ хандығын Жошы ұрпақтарының бірі Орыс ханның әулеті басқарды. Шыңғыс хан әулеті қазақта төре деп аталады; қ. Қазақ хандарының генеалогиясы.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Другие предметы
-
банан11619.04.2021 09:01
-
aliksondrrr321.02.2020 14:12
-
Nika3130320.04.2023 00:31
-
pollywhite116.09.2020 02:24
-
aleksejsmolyan04.10.2020 01:55
-
1067209.10.2022 11:24
-
АлинаКотик1111130.06.2023 00:29
-
polanovikova05.04.2023 14:59
-
Марина1768108.01.2020 00:04
-
hdjeugwcwtixuvbekz11.04.2022 14:15
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.