Есть ответ 👍

Султанмахмуд торайгыров казактын ойшыл акыны эссе

131
209
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Торайғыров сұлтанмахмұт (1893-1920) сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл.солтүстік қазақстан облысының уәлиханов ауданында туған. торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. кейін әкесі екі ұлымен баянауылға көшіп, торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан мұқан, әбдірахман, тортай деген молдалардан дәріс алды. өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан мұқан молда тәлімінің торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды.1911 жылы жаңаша оқыған нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы троицкідегі ахун рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы оқытады.пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. троицк, семей, томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. бірақ оптимист сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.сұлтанмахмұт торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында кайтыс болған ақын, ойшыл өзінің аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. реалист-ақын xx ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. оның өмірінің мән-мағынасы жайлы "адасқан өмір" поэмасы, xx ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. осы кезден ақыңдыққа ден қойып, 1912-1913 жылдар аралығында «оқып жүрген жастарға», «тәліптерге» («шәкірттерге»), «ендігі беталыс», «оқудағы мақсат не? », «анау-мынау», «мағынасыз мешіт», «жарлау», «досыма хат», «шығамын тірі болсам болып», «түсімде», «жазғы қайғы», «қымыз», «кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «зарландым» атты ұзақ очеркін жазды.осы тұста «қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде троицкіге қайтқан торайғыров «айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «өлең һәм айтушылар», «ауырмай есімнен жаңылғаным», «қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай? », т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі баянауылға оралады. ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады.
Лунa
4,5(29 оценок)

ответ:ұмытып қалдым

Объясненұмытып қалдым

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS