Ответы на вопрос:
тұмар (томирис)— күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. себебі грек оның елін "массагет" деп атайды. тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) орта азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
тұмар (томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы.
басқаруы
ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың кир патшасы орта азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейтін» деп дәріптелген «өлместер» әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
патшайым томирис, andrea del castagno , 1450 ж.
мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
бұл кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. тұмар кир патшаның (ж.ж.с.д. 558-530) ұсынысын қ тастайды. осыны желеу еткен кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.
томирис кирдің басын қанға матырды alexander zick (1845-1907)
өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қ алыстан бақылап, біліп отырған тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, кирге арнайы жаушы жібереді.
мадилардың патшасы! ниетіңнен қайт. салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. өнбес істі қума. өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. қалауыңа қарай өзің шеш.
тұмардың ұсынысын кир патша әскери кеңеске салады. біраз пікір таласынан соң, лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде кирдің қолындағы мырза тұтқын крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін тұмарға хабарлайды.
массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, крездің үйреткен айласымен массагеттердың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. осы шабуылшы топтың басшысы, тұмардың ұлы спаргапты (спаргапис) тұтқынға алады. сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған тұмар кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.
ханшайым томирис, mattia preti (1613–1699). 1672 ж. сызған
қанқұмар кир! жеңіске желікпе. сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. енді менің мына ақылымды ал. айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. егер өйтпесең, тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, қанын сусының қанғанша ішкізермін!
кир өзінің шайқасатынын айтып, тұмардың жаушысын кері қайтарады.
тұтқынға түскен тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді.
келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады.
аңыз бойынша тұмар шайқас аяқталған соң, сарбаздарына кир патшаның денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып:
әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! енді тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Gafana24.02.2023 03:40
-
aodemidov01.02.2021 00:36
-
gimirunb08.01.2022 06:31
-
hdhshuuyfftf05.09.2022 02:14
-
Mimi160215.03.2021 20:32
-
tryfest20.06.2023 08:23
-
max69822.05.2021 21:38
-
хочуха0416.04.2022 20:12
-
1014907.12.2020 12:32
-
prodaction201609.05.2022 00:16
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.