diko2009
16.08.2021 13:36
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Напишите текст в 70 слов про царицу томирис на казахском !

208
345
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:


томирис (тұмар) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. грек оның елін «массагет» деп атайды. тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) орта азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.  

мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған тұмардың (томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.

бұл кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. тұмар ханша кирдің ұсынысын қ тастайды. осыны желеу еткен кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.

өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қ алыстан бақылап, біліп отырған тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, кирге арнайы жаушы жібереді.

- мидиялықтардың патшасы! -, дейді жіберген жаушысы арқылы тұмар ханша кирге. - ниетіңнен қайт. салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. өнбес істі қума. өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. қалауына қарай өзің шеш.  

тұмардың ұсынысын кир әскери кеңеске салады. біраз пікір таласынан соң, лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде кирдің қолындағы мырза тұтқын крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін тұмарға хабарлайды.  

түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. осы шабуылшы топтың басшысы, тұмар ханшаның ұлы спаргапты (спаргапис) тұтқынға алады.  

сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған тұмар кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.  

қанқұмар кир! жеңіске желікпе. сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. енді менің мына ақылымды ал. айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. егер өйтпесең, тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, қанын сусының қанғанша ішкізермін!

бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған кир ханша ақылын тың, өзінің шайқасатынын айтып, тұмардың жаушысын кері қайтарады.  

тұтқынға түскен тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді.  

келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! енді тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді. осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. осылайша тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

Typists1
4,7(3 оценок)

томирис ишпакай скифінің ұрпағы болды. шөбересі мадия, аты аңызға айналған бөріктің немересі немесе қызы (спаргапис). томирис күйеуінің аты анықталмаған. кейбір деректер бойынша, күйеуі рүстем деп аталды, ол тиграхауд патшасының ұлы-кавад болды.

б.з. б. 530-529 жж. мидия патшасы - кир, көптеген елдерді бағындырып, "азия билеушісі" атағын алып, ұлы далаға жорыққа шықты. шабуыл шамамен түркістан мен отырар арасында сырдариядан басталды. сол кезде сақ - олардың патшасының жесірлері-томирис. кир елшіні патшаға үйленуге және екі халықты бір мемлекетке біріктіруге ұсыныспен жіберді.

бірінші кездесу томирис - спаргапис ұлы басқарған сақтардың жеңісімен аяқталды. сақ әдет-ғұрпы бойынша жеңіс әрқашан жуылып, оны пайдаланып, персалар түнде сақ әскерлеріне күшті шарап лақтырып, нәтижесінде сақ жауынгерлері мас болып шықты. оны кир пайдаланып, сақ әскері мен патшаның ұлы - спаргапистің үшінші бөлігін тұтқынға алды. шешуші шайқасқа әйелдер мен сақ қыздар қатысты. бұл шайқас геродот "ең қатал және ұлы" деп атады. қанды шайқас сақтардың жеңісімен аяқталды, мұнда перстер ерлердің шайқасы алаңында көруді күткен жоқ. геродот бойынша барлық перстер ұрыс алаңында қайтыс болды, олардың арасында кир де болды. бұл персия үшін күшті соққы болды, көршілер арасында мемлекеттің әскери беделі құлады. бұдан былай "азия билігі"болған жоқ. осылайша сақ патшасы томирис кирдің "азия билігінің" әскері толығымен талқандады. жеңіс сақтардың үлкен бөлігін, оның ішінде томирис ұлын жоғалтуы есебінен қол жеткізілді. кирдің басын шабып, томирис барлығында былай деді: "сен қан келді, міне ән! "- мен оның басын қанға тастадым.

ол бөтен елдердің бізге қажеті жоқ, бірақ аспанның көк күмбезі бар өз даламызды ешкімге бермейміз.

томирис икемді стратег болды, халық арасында үлкен беделге ие болды, ол туралы сақ мемлекеті өлгеннен кейін бір ғана емес, үш хан басқарған. халық арасында сақ патшайымы томирис туралы көптеген аңыз бар. қыз туған жағдайда көптеген оны томирис деп атауға тырысады, қолбасшы-патшайым томирис.

00Alcatraz00
4,4(25 оценок)

Мен гулге су куиып жатырм. ыдыс аяк жуып жатырм. шан суртип жатырм

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS