Есть ответ 👍

"астанаға деген сүйіспеншілік" атты шығарма керек еді

176
261
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

vikarere7
4,5(64 оценок)

астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. біздің дәуіріміздің хі-хііі ғасырларында арқада қыпшақ тайпалары көшіп-қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. бозақ – қазіргі астанадан небары 15 шақырым жерде. қалашық х-хііі ғасырларда гүлденіп, жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. сондай-ақ бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. демек, елбасымыздың астана орнын арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз қазақстан жаңа да жас қала астананың атын бүкіл әлемге паш етті. 1999 жылы юнеско-ның шешімімен астана «әлем қаласы» атағына ие болды. астана – сәулеті келіскен алып шаһар. бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара – бәйтерек. тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. гүлденген астанамыз, түрленген жас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. астана – елбасының ғажайып ерлігі.

тәуелсіз қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. қазақстан республикасының президенті өзінің «қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы алматыдан ақмолаға ауыстыру туралы шешім қ бұрын ұзақ ойланғанын, барлық қ есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердің астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстыру негізгі себептерін былайша түйіндейді:

біріншіден, астананы ауыстыру қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. сондықтан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған еуразия құрлығының орталығы болып табылады.

үшіншіден, астананың орнын ауыстыру қазақстанның сауықтыру қажеттігінен де туындады. ол елдің үшін тиімділікті қамтамасыз етті. облыс орталықтары бастады, ң құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. тұрғын үй құрылысы бқрын-соңды болып көрмеген қарқынмен .

астанада 1997 жылдың 10 желтоқсанында президент н.ә.назарбаевтың төрағалық етуімен парламент пен үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. осы күннен бастап ақмола қазақстан республикасының астанасы болып танылды. 1998 жылдың 6 мамырында қазақстан республикасының президентінің жарлығымен ақмола қаласының аты астана болып өзгертілді. қазақстан республикасы астанасының ресми тұсау кесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы юнеско шешімімен қазақстан астанасына "бейбітшілік қаласы" мәртебесі беріліп, медаль берілді. серпінді елдің сәулетті астанасы, 1995 жылы «жаңа астана» арнайы қоры құрылды. қаланы одан әрі 1996 жылы астананы еркін қ аймақ деп жариялаған шешім маңызды роль атқарды. қаладағы құрылыс жұмыстары кең марштабпен құлаш жайып, астана халықтың көз алдына жайнап сала берді. астанадағы ірі архитектуралық –көркем композициялардың бірі «астана-бәйтерек» монумент ескерткіші. оның биіктігі 97 метр. монумент астананың барлық көрінісіне шолу жасауға болатынын көру алаңшасы бар өзгеше ғимарат.

өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін жоқ. менің туған елім-қазақстан даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді, өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! алыс – жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің ұлының бірімін. мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел президенті сайлады. оған үлкен сенім артып, міндет жүктеді.

ел ордасы болып астана бой көтеріп, өзінің сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескеркіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде «ақорда», «бәйтерек», «бейбітшілік және келісім сарайы», «думан» орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. әсем қаламыз – астананың жылдан-жылға жаңарып көркеюіне елбасымыздың қосқан үлесі зор. 1998 жыл «халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. 1999 жылдың «ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек емес. 2000 жыл «мәдениетті қолдау» болып жарияланды. мәдениет – әрқашан ң ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы.

milota5
4,5(22 оценок)

2-тапсырма.Төмендегі берілген сұрақтар бойынша диалог құрыңдар.

Сұрақтарға қысқа жауап беріңдер.

-Қазақстанның болашағы кім?

: Қазақстанның болашағы бүгінгі жас ұрпақ.

-Қазақстан өз егемендігін қашан жариялады?

-1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.

-Қазір Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазір Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

-Біздің міндетіміз қандай?

-Сабақ оқу, ата-анамызға көмек беру

-Біз не үшін қызмет етеміз?

-Біздің еліміз Ұлы және ақылды болу үшін.

-Біз Қазақстанның болашағына қалай үлес қоса аламыз?

-Барлығы жақсы оқып,қоршаған адамдарға немесе жануарларға, планетамызға көмектесу керек.

-Қазіргі жастардың қызығушылығы неде?

-Оларды өз және қоршаған адамдарды жеңілдету үшін жаңа гаджеттер қызықтырады.

-Қазіргі жастар үшін ең басты құндылық қандай?

-Бұл олардың гаджеттері,оқу және өмірдегі өз мансабы.

3-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, өз елің туралы

шағын әңгіме құрастырыңдар. Составьте предложение

Болашақ, ұрпақ, тәуелсіз, Қазақстан, егеменді, саясат,

экономика, бейбіт, ел, мәртебе, әлемдік, Елорда, гүлдену.

1991жылы Қазақстан егемендік алды. Біз-тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Қазақстан-бейбіт ел. Елбасының эконмика мен саясат саласындағы жасаған еңбектерінің нәтижесінде еліміздің әлемдік деңгейде мәртебесі артты.

Елордамыз Астана қаласы жылдан жылға гүлденіп,көркейіп келеді.Мен өз елімді жақсы көремін.

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS