Ответы на вопрос:
Дос деген əр қиыншылықта сенин жаныңнан табылатын . қазіргі таңда мұндай досты табу қиын деп ойлаймын. себебі арасында өтірік дос болып сатып кететіндері бар. қазір кезде жай араласу үшін дос болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, дәрілік заттардың жанама әсері дегеніміз ауруды алдын алу, диагностикалау, емдеу мақсатында тағайындалған препараттың ағзаға кез-келген кері жағымсыз әсері. дәрілік заттардың жағымсыз әсері көбіне полипрагмазия, өзін-өзі емдеу, дәрілік затты мөлшерден тыс қолдану салдарынан артық фармакологиялық әсердің (мысалы: асқазан жарасын туғызатын дәрілерді,қан қысымын төмендететін препараттарды мөлшерден тыс қолдану салдарынан гипотензияның дамуы), бір-бірінің әсерін күшейтетін бір бағытта әсер ететін дәрілік затты бірге қабылдау (мысалы, варфарин мен аспирин), туа біткен сезімталдылық, генетикалық бейімділік салдарынан мүмкін. дәрілік препараттарды қабылдау салдарынан болатын жағымсыз әсерлердің жол бермеуге болады. олар төменде көрсетілген жағдайларда туындайды: * науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау; * дәрілік затты тиісті мөлшерде тағ; * ағзаның күтпеген реакциясын туындататын, анықталмаған медициналық, генетикалық немесе аллергиялық жағдайлар; * рецепт бойынша жіберілетін дәрілік заттарды өздігінен алып қабылдау; * дәрілерді қабылдау тәртібін бұзу; * қабылдап жатқан дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен (сонымен қоса биологиялық белсенді заттармен), кейбір тағамдармен өзара әсерлесу ерекшеліктерін ескермеу; * емді тиімсіз тіпті болмаса өмірге қауіпті ететін, құрамы ғылыми талаптарға және стандартқа сай емес дәрілік заттарды қолдану; * тиімсіз, қауіпті, құрамында белсенді заттары жоқ жасанды дәрілік заттарды қолдану. мүмкін болатын жанама әсерлерді ескеру үшін, дәрілік заттың ағзамен қалай өзара әсерлесетіндігі туралы түсінік болу керек. ал дәрілік затты жоғары дозада қолдану - мөлшерден тыс қолдану деп аталады. кез келген дәрілік затты қабылдау салдарынан жанама әсерлердің қаупі туындайды. олардың жиілігі 10-20 пайызды құрайды. сондықтан дәрілік затты тағайындаған дәрігерден мүмкін болатын жағымсыз әсерлерді нақтылап алу қажет. әрине, көптеген жанама әсерлердің қарқындылығы әлсіздеу білінеді, жеңіл өтеді, (лоқсу, бастың ауырсынуы сияқты) препаратты қабылдауды тоқтатқан соң немесе мөлшерін төмендеткен соң мүлдем жойылып кетеді. алайда науқас өміріне қауіп төндіретін, ауыр жанама әсерлер де кездеседі (бауырдың, бүйректің зақымдануы, қан түзілу бұзылыстары - апластикалық анемия және тағы басқалар). науқастардың шамамен 0,5-5 % дәрілік заттардың жанама әсерінен зардап шегіп, ауруханалық емді талап етеді. ал дәрілік заттардың жанама әсерлерінің қаупін төмендету үшін не істеу қажет? ол үшін, препаратты қ бұрын, қолдану қажеттілігі туралы дәрігерден кеңес алған жөн. екіншіден, науқастың өзі де препаратты қолдану нұсқаулығымен, әсіресе, «қарсы көрсеткіштер», «жанама әсерлер», «сақтық шаралары», «мөлшерден тыс қолдану», «ерекше нұсқаулар» жиынтығымен мұқият танысқаны жөн. қорыта келгенде, дәрігердің жазып берген нұсқауын қатаң түрде орындап, өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір сүру қағидалары бойынша өмір сүрген жөн. сонымен қатар, жанама әсер қаупі туған жағдайда, міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізге, не бо лмаса препаратты сатып алған жердегі фармацевтке хабарласқан жөн.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
natalichexova12.08.2021 08:27
-
aleksandrsamor14.06.2022 00:35
-
Zavgorodnev0421.08.2020 07:01
-
Елленаа12.02.2020 06:18
-
Rif0562306.12.2022 00:27
-
егор67309.01.2022 19:25
-
LoveSammer24.09.2021 05:22
-
yasenchuk02ozo83d16.01.2023 06:32
-
dmitrykim200017.04.2023 17:24
-
gbvf108.10.2022 19:17
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.