Насыбай жыраудың казак әдебиетіндегі орны? кенесары-наурызбай такырыбы мен идеясын аныктандар?
Ответы на вопрос:
«кенесары - наурызбай», тарихи жыр. бұл дастанды кенесары қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген нысанбай жырау жаманқұлұлы шығарған. нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда кенесары мен наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. ұлттық батырлар кенесары мен наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек кезі ретінде пайдаланған. ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. жыр алғаш рет 1875 ж. с. жантөрин мен т. сейдалиннің аудармасымен «записки оренбургкого общества» журналының 3-ші белімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. қазанда университет баспаханасында жүсіпбек шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «қисса-и наурызбай төре қасым уғлы қасым абылайханов» деген атпен жарык көрді. ә. диваев жинаған ж. басығарин нұсқасы x. досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. ташкентте, н. төреқұловтың алғы сезімен 1924 ж. мәскеуде жарияланды. бұл басылымдарда нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. е. ысмайылов пен қ. бекхожин кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді. жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. қр ұға фольклор экспедициясының торғайлық қашкынбай қараевтан жазып алған нұсқа. жыр кенесары-наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, кенесары, наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды. жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды. тарихшы-ғалым е. бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі мұра атаулыға қарсы саясаты бұл бағалы тарихи жырды жарты ғасыр уақытқа дейін жылы жауып қоюға мәжбүр етті де, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты «кенесары-наурызбай» жыры да халқымен қайта кауышты. нысанбай ақыннын бұл жыры «хан кене» жинағы (1993) мен «қазақ халык әдебиеті» көп томдығының кенесары-наурызбай көтерілісіне арналған тарихи жырлар топтастырылған 17-томына (1996) енгізілді. әуезовтін, кенесары қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихымен терең таныс болғандығын 1924-25 жылдары жазылып, 1927 ж. баспадан шыққан «әдебиет тарихы» оқулығында «кенесары-наурызбайдың» қысқаша әңгімесі» және «кенесары жырының мәнісі» атты тараушалар жазып, алғашында жырдың оқиғалық ағымын, сюжеттік құрылымын зерттеп, екіншісінде жырды көркемдік тұрғыдан терең талдағанынан көреміз. әуезовтің тағдыры қиын болған шығармаларының бірі - «хан кене» пьесасы. пьесаны да әуезовтің «кенесары-наурызбай» жырындағыдай ұлт-азаттық қозғалыстың соңына, қырғызбен болған соғысқа арнаған. окулықта жырдың фабуласына, сюжетіне шолу жасалып, мазмұны айтылған. әуезов мұнда суреттелген оқиғаларға қатысты өзінің көз- қарасын сездіре отырып, нысанбай жыраудың ұлт-азаттық көтерілісінің жыршысы ретіндегі акындық, қ бейнесіне де баға береді, өз ойын білдіріп отырады. жырдың көркемдік ерекшеліктеріне катысты терен ойлар айткан. жалпы тарихи жырлар туралы, оның ішінде нысанбай жыраудың шығармашылығы туралы кейінгі жылдардағы зерттеушілердің «кенесары-наурызбай» жырына қатысты ойлары әуезов ойларымен толықтай үндеседі. әуезовтің 1924-25 жылдары айтқан «кенесарының қайғы-екінішімен біткен жорығы қазақ ң барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе - кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әддеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады» деген ойлары кенесары тұлғасына да, нысанбай жырына да берілген әділ баға. әуезов еңбегінде нысанбайдың шығармашылық бейнесі терең талданып, абылай хан заманындағы бұқар жыраудың шығармашылык қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен салыстыра көрсетілген. бұқар жырауға қарағанда нысанбайдың қолдың ішінде жүрген, әскердің барлық қиын-қыстау соғыстарының басы-қасында жүрген жыраудың
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
rusylan88320.02.2021 22:33
-
moseva239905.04.2022 19:50
-
AKBARXXX18.06.2020 23:11
-
Kpuc210031.01.2022 23:44
-
елена113606.04.2022 11:50
-
моюр16.11.2021 21:04
-
kikvadze12312308.03.2022 11:21
-
DeFauLD18.04.2020 19:56
-
Dianakuharur204.10.2022 05:46
-
Каке1122.08.2022 07:17
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.