Ответы на вопрос:
Автор қасым аманжолов емес иса байзаков! ойласаң өткен күнді айтады жыр, тыңдасаң естіледі бір терең сыр, ой өліп, өмір сөніп, көп соғылған, суреті өткендердің алдымда тұр. толқыны бұл өмірдің талайды ұрған, көп жанды алдап соғып, зарландырған. аяған дертті өмірдің пендесі жоқ, жас демей, кәрі демей торын құрған. біреудің күшін алып, үмітін кескен, біреудің жүрегін жеп, қанын ішкен. жете алмай талай асық мұратына қара күн қан жамылып, басқа түскен. естісем сондайлардың мұң мен зарын, менін де қозғалады қапаларым. ортақпын қайғылының қайғысына, үн қосып күңірену, болған іі қазақтың есім ханы болған кезде, жау жорық жапан түзге толған кезде, болыпты монтай атты бір әділ би руы ойбас қыпшақ, орта жүзде. ол кезде шудың бойын қазақ алған, неше жыл сол алапты мекен қылған. оңтүстік қамсақтының жағасында, қалыпты монтекеңнің аулы болған. монтайды елі қадір қылады екен, айтқанын өнеге деп ұғады екен, ер өліп, ел күйзелген іс болса да, монтекем жөндесін деп тұрады екен. ер құнын екі-ақ ауыз сөзбен айтып, монтекең іс жүйесін табады екен. сырт елмен тартысқанда табан аумай, теңдігін әділ сабаз алады екен. әр елдің монтекеңдей ағасы жоқ, болса да ондай үздік бағасы жоқ, жалғыз-ақ ел мен ердің ойлайтыны, өзі өлсе монтекеңнің жоқ. сол күнде жетпіс төртте бидің жасы, қуантып етек тартар жоқ . пұшпағы қанамаған бәйбішенің, қайғысыз күн өткізер жоқ шарасы. тоқалдан жалғыз туған қайыргелді, би түгіл қуантып ед, барлық елді. бір тойда диуананың тілі тиіп, күнінде құлыншақтай о дағы өлді. монтекең сол өлгелі сөзден қалды, ортақ боп бұл қайғыға ел сандалды, жиылып «жақсылары» ел-жұртының, ас беріп, бата оқысып аза салды. ер үшін ел қайғыда содан былай, жұбатуға монтекеңді сөз таба алмай. шешенін ортаға алып отырды жұрт, ешбірі қолай тауып үндей алмай. ііі қабақты қараторы, ұзын бойлы, кірпікті, бурыл сақал, терең бұрылып үлкен мұрын, ойлы түспен, халқына бір жағалап қарап қойды. әрі-бері ойға кетіп отырды жәй, «уа, жұртым, қайғырмайық бір жас ұшін, жазымыштың сөгеміз бе еткен ісін? ер туса, елден тумақ, елді тіле, елсізден ер тумақ па, білмеймісің ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды, ел болса, ер туғызбай тұра алмайды, тұсында әр заманның бір сұрқылтай, ұқсаңдар ата сөзі жай қ үйірінен бөлінсе, құланның күйі болар ма, өз тобынан бөлінсе, батырдың бағы жанар ма, қара басын қайғырса, биде әділдік болар ма? бәйек болып халқына, ел қорғаған жастардың бәрін де ұлым демей ме, мейлің мырза, мейлің құл, бұқарасы болған соң, бәрінің қамын жемей ме? ! жақсы туса халқымнан, бар ма менің арманым, айрылмасам салтымнан, о да менің оңғаным. қартайғанда басқан ой, қара бастың қамы емес, көңілді серпіп ашпас ой, мұндана беру сән емес. қамсыз қайғы қапалық, о да ақылдың заңы емес. армансыз көрмедім осы жасқа келгенше, мұңсыз ешкім көрмедім қартайып отым сөнгенше, арманы жоқ ер көрсем, арымастай болар ем, азбайтын тату ел көрсем тұғырға қайта қонар » монтекең осыны айтып қалды тоқтап, күрсініп қатты деммен күнін жоқтап, бір жігіт босағадан түрегеліп, сөйледі биге қарап сөзді нықтап: «қажытпау жұртыңызды тілегіңіз. шын сүйген ұлтыңызды жүрегіңіз, көлдегі көгілдірдей қақажанға, қамығып жас кеткен соң, жүдедік біз. тағдырдың жазмышына көнгеннен соң, сіздің мауық басылуын тіледік бі армансыз көрдім бұл дүниеде, айтайын соның жайын іздесеңі бір бай бар шудың бойын мекен қылған, дермиянды тілекте көңілі толған, армансыз келден бай деп аталады. он сегіз ұлы он сегіз ауыл болған». биекең жігіт сөзін естіп болды. отырған көпшілік те көңілі толды. бір кезде іздемектей ойға түсіп, монтекең сұрап қойды, жолдағы елді. iv келден бай сол өлкеден таңдап алған, «көк мұрын той» өзенін мекен қылған. ол өзен шудан аққан бойыменен, батысқа өлкені өрлеп кетеді әрман. өзеннің екі жағы қамысты көл, жайылып екі тарап болады сел, шашты қыз, тарақты алсын, шөп өседі, ат шаптырым алабында жайлаған ел. шаңқанда шағалалы құстар ұшып, шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп. қызғыш - қызық, шәукілдек жағын безеп, аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып. алыстан көрсеткенде сұлу сағым, күлдіреп көтеріп тұр, көлдің бағын, жан-жағы көктеменің көкмайсасы, толтырып жаңа жарған жапырағын. қара құрт, қаптаған мал сонау дала, бықырлап ақтылы қой толған сала, шұбырып көлден жылқы шығып барад, қиқулап жылқышылар беткейді ала. көктілі, көкалалы төске толған, сары қарын биелері мама болған. бұлтылдап жұтқыншақтың жұмырындай, жарысып құлын мен тай ойын салған. өзеннің алқапты асар қабағында, тізілген қалың елдің бер жағында, қардай ақ алты-жеті ақ орда тұр, малы жоқ қотан салған бер жағында. сыртқы елде көген шешіп,қозы маңырап, қыз-қатын, -шаға улап-шулап, күңіренген кешкі әуезбен үн қосылып, өлкенің кетіп жатыр бойын қулап. ортада үлкен ақ үй сегіз қанат түзелген кемшіліксіз сән, салтанат. оюмен әлеміштеп отауларды, торлаған туырлығын неше қабат. екі үйдің арасында тартқаң белдеу, кермеде байлаулы тұр үш-төрт бедеу.
психикалық құбылыстардың, тәжірибелердің жиынтығы, адамның психикалық өмірінің негізі.
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
lenok01028.07.2020 04:14
-
Unicorn13509.12.2022 09:05
-
ВладыкаМор30.04.2023 22:07
-
Deencast09.03.2020 11:35
-
AlinaZimina200317.05.2022 19:17
-
tsukikokawaii03.08.2020 01:36
-
Vinyl9821.10.2022 08:18
-
veronichkastan12323.08.2021 04:31
-
ленусиклд27.10.2020 12:42
-
nstratonova09.08.2020 18:11
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.