Catania2
10.06.2021 01:25
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Өзі қатысатын үйірме туралы ақпарат жазу

112
300
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

slappy337
4,4(94 оценок)

Қыс. бұл мезгілде табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.  табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. жазда суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды. қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. күн сәулесі жер-анаға шуағын төгіп, барша өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен. даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. мейірімін төккен жер-ана да үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. аспанмен таласқан алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

эээм а что так много ? ._.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS