Есть ответ 👍

Малдың пайдасы тақырыбына шығарма жазу керек. өтініш көмек берініздерші

164
431
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Жұмыстың мақсаты: «жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету. қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар да шыққан. сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған. төрт түлік малдың пайдасы. еті - жесең тамақ сүті – ішсең сусын. жүні - кисең киім. терісі - байлық. сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым. мінсең - көлік. мал өсіруге аса қолайлы қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. міне, осы жайларды оқып үйрене мен әсіресе жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректерді жинақтадым. соның ішінде қымыздың пайдасы туралы айтсақ, қымыз - пайдалы сусын. қымыз - қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусыны. бие сүтінен жасалатын бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі асы. кең сахара, жапан түзді жайлаған көшпелі елдің басты күнкөрісі жылқы малы - халықтың ішсе қымызы, жесе еті, кисе киімі болып келді. орыс ғылымдары г. захарин мен с. боткин тәптіштеп зерттей келе «қымыз - денсаулығын күшейтіп ауруды бәсендететін тағам»деген қорытынды жасаған болатын. қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын в2, в12, р, с витаминдері көп. науқастанған ға қымыз ішкізсе, оның организмінде гемоглобин, эритроцит көбейіп, холестерин құрамы қалпына келеді. жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. оның пірі - қамбар ата. қамбар атаға тағы бір тілек тілейін, шын бергенін білейін. өңкей ала шұбардан, жал - құйрығы шұған, айғырды бер байсалды, үйірі толған байталды өңкей мама биемен сауған сайын иіген, желіні сүтін тыймасын, көнекке саусақ сыймасын. ұзара берсін желісі, кеңи берсін өрісі қоғалы көлді жайлаған, қоғаның басын шайнаған. шыңғыртып асау құлынды, қыл арқанмен байлаған. жылқышы ата жылқы бассын үйіңді бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған жылқы жасы 1. құлын - жылқы төлі 2. жабағы - 1 жылға дейінгі төл 3. тай - 2 жастағы жылқы 4. құнан - 3 жастағы жылқы. байтал - 4жастағы ұрғашысы 5. дөнен - 4 жастағы еркегі 6. бесті - 5 жасар еркек жылқы. ат - кестірілген, мініс ат 7. айғыр - аталық жылқы. сәурік - жас айғыр. 8. бие - аналық жылқы. а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген.
kika007
4,6(94 оценок)

Роза рымбаева

Димаш Кудайбергенов

бибигуль Ахметовна

Кайрат Нуртас

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS