Есть ответ 👍

Перевести текст. баяғыда мақтақыз болыпты. мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, мысық келмейді. қыз: – келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. жеп болған соң мысық келіп: – неге шақырдың? – деп сұрайды. мақта қыз айтпайды. сонан соң мысық: – ендеше қатығыңды төгем! – дейді. мақта қыз: – мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. мысық қатықты төгеді. мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. мысық: – апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. мақта қыз: – менің қатығымды төле! –дейді. мысық сиырға барады. – сиыр, маған қатық берші! – дейді. сиыр: – менің қарным ашып тұр. маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. мысық ағашқа барып: – ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. ағаш: – мен шөлдеп тұрмын. су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. қыздар оған: – бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. мысық дүкенге барады. – әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. дүкенші: – маған жұмыртқа бер! – дейді. мысық тауыққа барады. – тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. тауықтар: – бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. мысық: «енді не қыламын? » – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. мысық тышқанды бас салады. – жаныңның барында айт! үйіңде не бар? – дейді. тышқан қорыққанынан: – үйімде бір табақ тары бар, – дейді. мысық: – маған бір уыс тары бер, – дейді. тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып мақта қызға береді, мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

137
397
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

chery10
4,5(65 оценок)

Тебе уже не надо или как?
мурка92
4,5(95 оценок)

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасының негiзi — шаңырақ. шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. шаңырақ — күн шеңберi. айналған күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. ол өлмес өмiрдiң бейнесi. бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. әрбiр ң жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. қазақстан республикасының мемлекеттік туы – қазақстан республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. тудың енi ұзындығының жартысына тең.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS