Ответы на вопрос:
Нұрсұлтан назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде алматы облысының қарасай ауданына қарасты шамалған ауылында әбіш пен әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде іле алатауының баурайындағы үшқоңыр жайлауында әбіш пен әлжан назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. оған әке-шешесі нұрсұлтан деп ат қойды.сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі мынадай ұсыныс білдірді: «менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. оның аты нұрсұлтан болсын».әлемдегі барлық әжелер секілді да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. әкесі – әбіш 1903 жылы алатаудың бөктерінде, назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.әбіш назарбаев көңілді, қадірлі болды. ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және қар тілдерінде де еркін сөйлейтін. әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. әбіш назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. анасы әлжан 1910 жылы жамбыл облысы қордай ауданы қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген әлжан әбішпен танысады. ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. жарқын жүзді әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. әлжан назарбаева 1977 жылы қайтыс болды. жасөспірім шағы нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. жас кезінде іле алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген ң берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен ң наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. қызмет жолы 1960 жылы днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы кеңес одағы коммунистік партиясы орталық комитетіне қарасты жоғары партия мектебін бітірген. еңбек жолын 1960 жылы теміртау қаласындағы қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960—69 жж. — қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — қарағанды облысы теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979—84 жж. — қазақстан кп орталық комитетінің хатшысы. 1984—89 жж. — қазақ кср министрлер кеңесiнiң төрағасы. 1989—91 жж. — қазақстан кп ок бiрiншi хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында қазақ кср жоғары кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — қазақ кср президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет қазақстан республикасы президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. сайлау нәтижесінде нұрсұлтан әбішұлы назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қазақстан республикасы президенті н.ә.назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде н. назарбаев 79,78 % дауыс алып, қазақстан республикасы президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, қазақстан республикасының президенті болып қайта сайланды. 2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, қазақстан республикасының президенті болып қайта сайланды. 2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, қазақстан республикасының президенті болып қайта сайланды.
Бірінші қабатта шоу болып жатыр. ол шоуда астананың ең маңызды нысандарының макеттері көрсетіліп жүр. алтын түсті құс залда тұр. сен шоуды көріп отырсың. қарындасым менің жағасында жүр. олар билеп жүрсің. сіз суретті салып отырсыз. мен таңертеңнен күліп жүрмін.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
носок45521.08.2022 04:16
-
nelyaaa0128.10.2020 09:04
-
nikitasemenov325.01.2021 10:33
-
senyazer27.04.2020 10:43
-
Rkkshv17.02.2020 02:29
-
kristinakarpen18.12.2021 08:59
-
Эвелина201910.10.2021 02:50
-
Nessmikk1309.11.2020 15:08
-
dhsjkhd19.07.2021 06:14
-
Клубничка098765432229.06.2023 19:27
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.