Есть ответ 👍

Напишите маленькое сочинение на тему "танцы" на казахском языке. ))

187
475
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

losangelina23
4,4(77 оценок)

Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. менi көптен берi осы мәселе ойландырады. бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. қанымызға сiңiп қалған дүние. сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. ол онымен бiрге жасап келедi. әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi. бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «салтанат», »гүлдер», «айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. мәселен, халық биi «қамажай», «маусымжан», «қаражорға», «келiншек», «айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. бұл жайдан-жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар. сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. олар ң бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын. ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. бiрақ шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. сөйтiп, шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер. әрине, шара жиенқұлова, дәурен әбiров, зауыр райбаев, болат аюханов, гүлжан талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi. қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады. себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. қазақ оның төсiнде өскен төл . бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. бұған «қазақ биi», «айжан қыз», «қаражорға», «былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. бiздiң ұлттық мәдениетiмiз оның iшiнде өзiмiз тiлге тиек етiп отырған би де елiмiздiң қоғамдық өмiрiнде орын алған өтпелi кезең кезiнде басқа өнер түрлерi тәрiздi бiраз қиыңдықтарды бастан кешiргенi рас. бiрақ ол ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен адасып, оны жоғалтқан жоқ. өйткенi оның тамыры тереңде, халықтың санасында жатыр. «қазақ биi кеңес дәуiрiнiң алғашқы жылдарында пайда болды», - деген жаңсақ пiкiрмен өз басым келiспеймiн. сонда мыңдаған жылдық тарихы бар елде «би өнерi болмады» дегенге кiм сенедi. әрине, кеңестiк дәуiрдiң кейбiр қоғамдық ағымының кесiрiнен қағажу көрiп, классикалық деңгейге көтерiле алмай қалды. жаңа замандық әуеннiң көлеңкесiнде қалып қойды.
sonsan108
4,7(72 оценок)

7әріп 7 дыбыс 3 буын 4 дауыссыз 3 дауысты 1 буын туйык 2 буын ашык 3 буын бітеу а-дауысты, жуан, езулік, ашық р- дауыссыз, үнді д- дауыссыз,ұяң а-дауысты, жуан, езулік, ашык г- дауыссыз,катаң е- дауысты, жіңішке, езулік,ашык р- дауыссыз, үнді

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS