Есть ответ 👍

Плс на казахском, сочинение казак жери

132
329
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

Эхорит
4,5(68 оценок)

Отан  десем оралады ойыма ақсақалды, ақ шапанды қария, туған  жерім - құт мекенім, дариям, егеменді елім, туым, әнұран, қанатымды қағып ұшқан жанұям. осы жолды аңсап еді еліміз, ар-намысты батыр  туған  жеріміз. мақтан етер бай мұрасы, салты бар, мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. «отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, қ пен беріктік танытты. барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы  отан  соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһ айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. бүгінгі қазақстан астанасын бас қала етіп, ған мәдениет пен ң, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. бұған мемлекетіміздің біріккен ұлттар ұйымына, еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. кемеңгер елбасымыздың «қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «отан  - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, ң жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген  туған  анасына деген сезім орын алса, екінші,  отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. мен өз  отанымды,  туған  жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. өз елімнің теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
j89026190695
4,4(15 оценок)

Туған жер – өмірінде киелі орын алады. нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. міне, сондықтан да тіпті қ шақтан бастап-ақ отанға деген махаббат сезімі оянады. әрбіріміз үшін отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. менің отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер бестөбе кентінен басталады. дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз қ шағым өтті. үйдің маңындағы аулада ойнағаным және -бақшаға барған көше әлі есімде. сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін көп болатын. иә туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «қызым, үйге кі»деген ананың сөздерін еске түсіресің. жүректің әлсіздүрсілі естіледі. қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін қ шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай отаным. сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Даринёк
4,4(9 оценок)

ты савсем.И что тебе нода

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS