Есть ответ 👍

Тұқым қуалаушылық дегеніміз не? есеп

273
470
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Тұқым қуалаушылық  — ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет. тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің  морфология,  және  құрылымы мен жеке ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі. организмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан г.мендель болды. ол ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір не бірнеше белгілері бойынша ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы беріледі деген қорытынды жасады (мендель заңдары).  1909  жылы дат биологы в.иогансен (1857  –  1927) бұл тұқым қуалау факторларын ген деп атады.1911  жылы америкалық биолог т.морган (1866  –  1945) және оның әріптестері ұсынған “тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы” бойынша да тұқымқуалаушылықтың бірлігі – ген деп көрсетілген. гендер жасуша ядросындағы хромосомаларда тізбектеле, бір сызықтың бойында орналасқан және әрбір геннің хромосомада нақты тұрақты орны (локусы) болады. кез келген хромосома өзінің гендер тобымен ерекшеленеді. генетика ғылымының барысында тұқым қуалау факторлары тек ядрода ғана емес, жасуша цитоплазмасының кейбір органоидтарында (митохондрияда,хлоропластарда) да кездесетіні анықталды. осыған байланыстыцитоплазмалық  тұқымқуалаушылық жайлы ілім қалыптасты. тұқымқуалаушылық материалының сақталуы, екі еселенуі және ұрпақтан ұрпаққа берілуі нуклеин қышқылдарына (днқ  және  рнқ) байланысты болады.[1]тұқымқуалаушылық жасушада жүретін репликация (генетик. ақпаратты дәл көшіруді және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін  нуклеин қышқылдарымакромолекулаларының өздігінен жаңғыруы), транскрипция (днқ-да жазылған генетик. ақпаратты жұмсаудың алғашқы кезеңі) жәнетрансляция  (ақпараттық рнқ молекулаларындағы нуклеидтердің бірізділігі түрінде “жазып алынған” генетик. ақпаратты “есептеу”) процестерімен тығыз байланысты. бұл кезде комплементарлық принципке сай днқ және рнқ молекулаларының айна қатесіз көшірмелері алынып, түзілетін белоктың құрамындағы  амин қышқылдарының  орналасу реті дәл анықталады. мұның нәтижесінде тұқым қуалайтын нақты белгі белгілі болады. жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен тұқымқуалаушылық шешуші рөл атқарады. өйткені  эволюциябарысында қалыптасқан тіршілікке қажетті жаңа белгілермен басқа да өзгерістер осы тұқымқуалаушылыққа байланысты ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бекітіліп отырады. тұқымқуалаушылықтың негізінде органдардың алуан түрлі топтары қалыптасты, дербес және біртұтас жүйелер (популяциялар, түрлер) құрылып, олардың тіршілік етуіне және қоршаған орта жағдайларына сай бейімділіктің сақталуына мүмкіндік туды. сондықтан да тұқымқуалаушылық эвол. әрекеттің негізгі қозғаушы күшінің бірі болып табылады. табиғатта тұқымқуалаушылық өзгергіштікпен қатар жүреді. ауыл шаруашылығы мен медицина үшін тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы зор. тұқымқуалаушылықпен өзгергіштіктің заңдылықтарынгенетика  ғылымы зерттейді.[2]

По

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Обществознание

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS