Есть ответ 👍

Маган камбар батыр жыры керек компктесиниздерши

249
314
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

JukovaEleonora
4,4(4 оценок)

Жақсылар, дастан айтайын, әуелі, алла сыйынып, екінші, кәміл піріме. құлақ салып тыңдаған, жамандық көрме тіріде. батырлар қылған қайратын қартаймай тұрып әріде. ертедегі ерлерден нұсқа болмай соңғыға өткен емес бәрі де. ойлағанға осындай опасыз жеңіл дүние. теңізден шыққан құрдымдай жетпеді ешкім түбіне. қазынаға жинап гауһар тас, айдаһардай болып мас, сақтаған алтын ініне. ашқа — тамақ, жаяуға — ат, төрт түлік малға көңіл шат, жарайды екен қысылса жұртының қиын күніне. алты ұлы бар әзімбай, қызы сұлу назымдай, тоқтады барша тіліне. ғашықтық жолын ойлаңыз, бекер деп, ден қоймаңыз шығарған сөздің мініне. қыз назым шықты бұраңдап он сегіз толған жасына. кәмшат бөрік келісіп, бриллиант қойды басына. қара мен төре қайғырды, болса деп бізбен ашына. қазақ пен қалмақ қанша жан хабарланды сұлудан, дабысы жұртқа шашыла.жолбарыстай алты ұлдың айбатынан сескеніп, келе алмады еш бенде әзімбайдың қасына. тауыс құстай түрленіп, қоңыраудай алтын күңреніп, ертелі-кеш серуенге шығады майлап шашын да. жәннеттен шыққан хорлардай, порымына қарасаң, қызықпастай қай ол назымның нашына! сүйегі асыл дүр еді, құдайдың өзі біледі,— он төртінші айдай боп түседі кімнің қасына? алпыс сомдық әр кезі үстіне асыл кигізді. жорғадан жегіп қаракөк, күймелі арба мінгізді. көзі түскен бенденің жүрегін оттай күйгізді. ашылған гүлдей нұрланып, қылығымен сүйгізді. өз теңінің ішінде асырып дәурен сүргізді. уызында жарыған ерте туған бағландай толықсытып жүргізді. «назымға таңдау қоям,— деп, бұл хабарды әзімбай алашқа тегіс жүргізді. он екі жасар ға: мал жайып кеткен далаға қалмасын,— деп,— қатардан», бұларға айтып білгізді. тоғыз қабат торқадан қамзол киді қынама. таңдап назым тимесе, толқыған көңіл тына ма? алмаққа әркім талап қып, сыйынды жаппар құдаға. қазақ пен қалмақ, ноғайлы ел еді жатқан құрала. назымның көрмей ақ жүзін, жанды кісі үйінде сабыр қылып тұра ма? ат шаптырып, той қылып, ашыққанды тойғызып, жиылды жұрт жамаға. бір төбенің үстінен, қыз назым шықты басынасалдырып биік мұнара. назымды малсыз алмаққа шалдар да жаман желіккен, қартайған көп екен кемпірден көңіл зеріккен. жарасты деп киеді елтірі қара бөріктен. қатындары үйінде қайғыланып жылайды: сұлуды алса байымыз, айрылдық,— деп,— серіктен». үміткер болып барша тұр, сабағынан үзіп ап, жесем, — деп,— піскен өріктен. алтын тұғыр үстінде назым отыр қонақтап, ақ тұйғындай еріккен. қара мен төре таласып, порымына қарасып, алдынан өтті көріктен. қыз назымның майданы әр топтың болды базары. түседі көпке сәулесі, қағаздай кірсіз ажары. осынша жұрттың артынан аумады жанға назары. жердің жүзін шаңдатты жиылған қоршап . қасқа мен жайсаң, бектердің таусылды ақыл, амалы. бәрі де өтті шұбырып, қалмады жақсы, жаманы. теңіздің бойы ноғайлы ел екен өскен жағалы. жарлыны байға теңгерді, көңіліне халықтың жел берді қыз назымның заманы. сұрады сұлу сөз ашып, ауызынан дүр шашып: «бар ма екен,— деп,— далада жігіттің келмей қалғаны? » сұлудан үзді күдерін дәмелі болып тұрған көп. қайтпақшы болды үйіне, бәрі де бірдей өкпелеп. он екі баулы өзбекте әзімбай еді қаракөк — арылмаған уызы, сабада пісер қымызы, арғы атасы асыл тек. осыншаның біреуін тал бойына көрмейді еп —қапаланып назым тұр қабағын түйіп, қайғы жеп. біреу айтып білдірді: «мерекеге келмеген әлімбайдың қарақасқа атты қамбар бек. ерлікті елден асырған, айыбы жалғыз — кедей»,— деп. жауап бермеді қыз назым жиылып тұрған кісіге. қарамады назар сап еш бенденің түсіне. қалағаны келмесе, басқаменен ісі не? қатты батты қапалық үлкен менен кішіге. жұрт әуес болған сұлудың көңлі ауды сыртынан ер қамбардың күшіне. алты ағасын, әкесін ақылмен назым биледі. қайтарды бәрін ң, біреуін таңдап тимеді. мұнарадан түсті де, көк жорғаны жектіріп, келтірді барқыт күймені. жақсы көрді қамбарды < қосылма> , мақтауын естіп білгелі. қандай түрлі екенін көзімен көріп, білмеді. сұлу да қайтты үйіне, ер қамбар болып сүйгені. жігітінде әлімбай жұрт иесі болған хан. қол қусырып сыйлады, ғазиз тұтып барша жан. ол күнде перзент жоқ еді, дүние малын жиды сан. . . . қосылма  жарлылық шығып көңілінен, . . . қызықта мейірі қанады. . . . «қасымда бар ма? » — деп төңірекке қарады. арбаға басқан пішендей тұлпарға артып барады. жағалай қонған кедейдің ашылған әбден араны. әлімбайдың күніне қиын жарады. алпыс үйлі арғынның,тоқсан үйлі тобырдың қабыл болды тобасы, қайнады майға қазаны. қарақасқа атқа жем беріп қосылма
nizomabdurahmon
4,5(79 оценок)

Салеметсізбе əигілі спортшы генадий.г. мен сіз сиякты батыр болам елді аузыма артамаспорт мектебіңіз калаимен сіздің колдаимынхат

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS