Есть ответ 👍

Составить большой диалог на казахском языке на тему : көркемсурет мұражайы.

172
317
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

zhovnovich
4,7(62 оценок)

Қосқималы атанған құсмұрын адырының солтүс-тiгiндегi төре аулының күзеу құдығы күзгi малға шөбi шүйгiн құйқалы қоныс. бiр жағы құсмұрын саласына жалғасатын бетегелi кең тепсең; екiншi жағы жағалай көктарлаулы қара отты ашылауыт ой. төре аулының бұл күзегiн ұшқан құс, жүгiрген аң, болмаса, салт атты кiсi баспайды. қыста құлан, елсiз болып қар басса, жазда жалғыз үй күзетшi отырады. осы күзетшiнiң қара лашығы қосқималының ық жағында қалың шидi ықтай қарақшы болып шоқаяды да тұрады. сол қара лашықтан шыққан арықтау шегiр көз сары ң екi түрлi ғана ермегi бар. бiрi – екi сиырдың бұзауын бағып, енесiне жамыратпай жаю, мезгiлiнде суару. екiншiсi – тебiндегi саздан қ алып, ойыншық жасау. төре ауылы күзекке келгенде сары сондай қу-анды. ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтiн бiр досы бар. ол төре – шоқан. шыңғыс құсмұрын елiне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екi бөлмелi кеңсе үйi салынған. сол үйдiң жазғы, қысқы күзетшiсi – сары ң әке-шешесi. сары ң сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете аяңдатып жетiп келдi. ә дегенде тосырқап қалған сары қтан жасаған ойыншықтарын жия қойып, орнынан ербиiп тұра келдi. – ей, мысық, аман ба? мына ойыншықты кiм iсте-дi? – деп шоқан сары ға жылы амандасып, күлiм-дей қарады. – өзiмдiкi, өзiм iстедiм, – деп танауын бiр тартып, кiшкене көкшiл көзi шегiрейiп, мысық ойыншықтарын бауырына қарай икемдей бердi. шоқан құнаннан түсiп, өзiне қарай жүргенде, сары : – иә, бермеймiн, – деп ойыншықтарын жинай бастады. – ей, мысық, немене, өзiң сонша қорқасың. алмаймын, көрейiн, – деп күлiмдей сұрады шоқан. – жоқ, сенiң құнаның бар, алып қашып кетесiң. мен жаяумын. кеше әлгi бiр тентек өзiмдi сабап кеттi. сен тимейсiң бе? – деп мысық батылдана, мұңын шаға сөйледi. – жоқ, мен алып қашпаймын. тек көрем. мысық шоқанға бұрынғы үйiрлiгiне сенiп, ойыншықтарын те-гiс көрсеттi. – үйлерiң қайда, мысық? – әне, – деп, қалың шидiң iшiнен шанышпа қара қостың шошайған төбесiн көрсеттi. – сен, немене, менi жатырқап қалғансың ба? – дедi шоқан мысықты өзiне тарта сөйлеп. – әкең қайда? – әкем үлкен төренiң аулына кеткен. – сен мына ойыншықтарыңды маған бересiң бе? – жоқ, бермейiм, кешегi сен алып қашасың, – деп ойыншықтарын шолақ критон көйлегiнiң етегiне сала бастады. – қорықпа, мен тимеймiн. кәне, көрсетшi, өзiң ұстасың ғой. ақысына не аласың, маған ана қ атыңды бершi, – деп шоқан, зорлық емес, ықтиярымен алмақ болды. – не бересiң, бауырсақ бересiң бе, қант бересiң бе? – деп мысық икемге келе бастады. – берем, сен маған ойыншығыңды бер. бiздiң үйге жүр, апамнан көп қант, бауырсақ әперем, – деп шоқан сендiре сөйледi. – иә, бармайым, қорқам, сiздiң ауылдың тентек, итi қабаған, менi итке талатады, – деп мысық бұрынғы көрген зорлықтарын айтып жолағысы келмедi. – жоқ, мен тигiзбейiм, өзiм ертiп барам. – иә, апаң ұрсады, қорқам, – деп етегiнен түйе ғып жасаған бiр ойыншығын алып шоқанға бердi. – ей, кәдуiлгi түйе. өй өзiң қандай шеберсiң. жүр менiмен. ұрыстырмайым. – құнаныңа мiнгестiресiң бе, барайын, – дедi мы-сық өз тiлегiн бiлдiрiп. – кел, мiн! – деп, шоқан өзi құнанына мiнiп, үзең-гiсiн босатты. ойыншықтарын бiр шидiң түбiне тасалай тастай берiп, шоқанның құнанына жармасып мiне бергенде, құнан мөңки жөнелдi. мiнгесiп орнықпаған мысық жерге топ ете түстi. шоқан ерiнiң қасынан ұстап құлауға сәл-ақ қалды.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS