Ответы на вопрос:
Дүние тылсым құпияға толығой. біз өмір сүрген жерді құпиясы сырын әлі ішіне бүгіп жатыр. ал жер шарының қалған екі бөлігін алып жатқан судың қойнына тыққан сыры біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. аңыздардан судан шыққан алып құбыжықтар жайлы, кемелерді құрдымға кетіретін жойқын күшті су жануарлары жайлы көп естіген боларсыз. мұхиттардың түбін жайлаған тіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланың соңында жүр. кейбір ғалымдар мұхит түбінен көне өркениет іздерін, су асты пирамидаларын тапқан. десек те, олардың мүмкіндіктері шектеулі. мысалы ерттеушілер әлі күнге бермуд үштағанының сыры мен атлантиданың орнын таба алмай жүр. олар сонымен бірге ескі аңыздарда жиі аты аталатын су құбыжықтарының бар-жоғын да анықтай алмай отыр. солардың бірі лох-несс құбыжығы шотландияның шағын көлі лох-несстен бірінші болып құбыжықты көрген рим легионерлері болса керек. судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талай ң жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан-мыс. аңыздың кең тарала бастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шыға бастайды. содан бастап оның атағы жер-жаһанға жайылып, көпке танымал құбыжыққа жұрт «несси» есімін береді. сол жылдары айналдырған бір айдың ішінде несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… ал 1943 жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланның сұлбасын көріп суретке түсіріп алады. құбыжықтың бар-жоғын білгісі келген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген. олар көл түбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенін анықтаған. бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек. бірі мұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтың бар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек. вирджиния университетінің профессоры хенри бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған бір түрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан. осындай сенгісіз әңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көруге алыс-жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен. дәл осылайша таңғажайып аңыздармен аты шыққан көл — бросно. бұл көлде төменгі новгородты бетке алған татар-моңғол әскерінің күл-талқанын шығарған алып құбыжық мекен еткен-мыс. бұл жердің да кезінде айдын бетінен аузынан от шашқан айдаһарды көрген. алайда бұл оқиғаларға айдаһардың еш қатысы жоқ екен. мәселенің мән-жайы кейін белгілі болды. аталмыш көл түбінде қысымы өте жоғары газдар жинақталатын көрінеді. газ су түбіндегі тербелістер кезінде алапат күшпен көкке атылады. міне, қшылардың із-түссіз жоғалуына, шағын қайықтардың су түбіне кетуіне осы жайттар себепші болған. ал егер сол уақытта қшылар темекі тартып отырған болса, айдын беті бір сәт қызыл отқа оранады. көл айдаһары жайлы аңыз осыдан шықса керек. норвегияның ремшен көлі де құбыжығы көп айдынның бірі. бұл көлден де бірталай куәгерлер ұзындығы 15 метрге жететін жыландарды, алып айдаһарларды көрген. ремшенді зерттеген мамандардың құрылғылары да су түбінен шыққан беймәлім дыбысты жазып алған. алайда құрылғыдағы бұл дыбыстар ғалымдардың нақты шешім қабылдауы үшін жеткіліксіз болып отыр.
Экология қазір антропогендік факторға ұшырады. ал менің елімнің экологиясы да нашарлап барады. қаншама улы заттар, көмірқышқыл газы көп мөлшерде суды жəне ауаны ластап жатыр. бірақ соны шешуде тынбай еңбек етіп жатыр. мəселен, көптеген зауыттардың жанына ағаштар егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. сонда да, экология ластанып жатыр. сол себепті, тек елдің маңызды қызметкерлері ғана емес, сол мемлекеттің тұрғындары да үлес қосуы қажет.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Dany20080815.12.2021 15:26
-
krasava5vovan13.07.2022 09:53
-
lordczar9525.08.2021 10:13
-
lancasterr23.02.2023 17:39
-
Даниил1234566628.01.2023 15:09
-
ivanmilitskis01.02.2021 21:58
-
Danielufa17.01.2020 06:56
-
danilworld28.10.2020 23:58
-
пргремм621.02.2020 03:59
-
AlinaMalina101128.04.2021 03:44
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.