Есть ответ 👍

Напишите кіріспе тема кыскы согым составляющий 2 листа в word. пусть будет понятным четким и без никаких глупости это для научного проекта

109
413
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Келу қайнары: қазақпарат әгенттігі     астана. қазақпарат - қыстың соңғы айы ақпанның аязы бұрқасындап басталды.     ел аузында қаңтар-ақпанға «ақпан - тоқпан, ай мүйізді алты күн. айқайлап соқпа жеті күн. қаһарлы келсе қатты күн, қырына алса қырық күн. боз тоқтыда құйрық қалды, қырлан, ақпан, қырлан! » деп айтыпты деген сөз бар.     соғымын желтоқсанда сойып, мұрты майланып, жүрісі жәйланған шаруаның ақпанды боранның айы деп санайтыны да сондықтан.     қаңтар салған бөгетті ақпанның бұзатыны рас. бір бүйірімізді қыздырып, бір бүйірімізді мұздатқан ақпанның әлі біртәләй күні бар. ақпанның айы расында да тұрақсыз. бірде аяздың беті қайтып, бірде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. бір жұма болды, алматының да аспаны түнеріп, жапалақтап болмаса да, жауған қардан арылмай тұр. оған суық аязын қосыңыз. ақпанның бұрқасыны да, шуақты күндері де алма кезек. ақпан айында қыс пен көктем белдесіп жатқандай әсер қалдырады бізге. әне-міне көктем келетіндей, күннің көзі жылтырап тұрғанымен, суық аяз денемізді мұздатып, тоңдырып тұр.     қыстың тағы бір ерекшелігі - соятын соғымында. қыс келерден ерте шаруа біткен қыстық азығын әзірлейді. соның ішінде, соғымның алар орны ерекше. соғымға жылқы, түйе, сиыр сойылады. атам қазақ соғымға соятын малын ерте ұстап, жемге байлап, ерекше күтімге алады. соғымға байланған мал семіргенше, қызылсырап қалмас үшін күздігін сояды. күздік малына тайынша-торпақ, тай-құлын, карі-құртаң сойылады екен. «қараша-қауыс, карі-құртаңды тауыс» деп айтылатыны да, сондықтан болса керек. карі-құртаңды сойып алуының да өзіндік сыры бар. карі-құртаң мал қыстың қаһарлы аязын көтере алмауы да мүмкін.     соғымға қазақ не сояды? мүмкіндігінше, жылқы сойған дұрыс дейтіндер де бар. өйткені жылқының еті қыста ға көп күш-қуат береді, әрі суықтан қорғайды. еті дәмді, сіңімді, онымен қоса, шипалылығын ескеруіміз керек. соғымға сойылатын малды ерте бастан дайындайды. жылқы мен сиырды, түйені жемге байлап, семіртіп алады. қар бекіп, аяз басталғанда, яғни желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында сойылады. соғым желтоқсаннан ерте сойылатын болса, семіз жылқының еті тез қызып, базданып кететіндіктен, оның дәмі тез бұзылады. әрі соғым өзінің қоректык құнарлылығынан айрылып қалады.     белгілі мәдениеттануші с.әбдіреш ұлы өзінің соғым туралы жазбасында: «қыс - жылдың өлер шағы, бұл аталық пайымды қазақтың «соғым» рәсімінен көреміз. әдетте жәй ғана тұрмыстық сипаты болғанымен, бұл етнографиялық қана құндылық емес, қазақтардың дұниетанымдық, космогониялық танымының тұрмыстық деңгеймен ұштасуы болып табылады. әдетте соғымға ірі мал сою рәсімі желтоқсан айынан басталады. желтоқсанның он төртінен басталатын тоқсан күн қысқа соғым сойып әзірленетін әрбір қазақ отауы сойылған мал етін он екі мүшеге жіліктейді, боршалайды, тұздайды, сорғытып кептіреді де қысқа сақтайды. таң қашалған күздік семіз өгіздің қысқа соғым ретінде дайындығын да көрсетіп тұр», - дейді.     соғымға сойылған мал етін он екі мүшеге жіліктейтін себебі неде? малда он екі жіліктен де көп жілік пен сүйек бар емес пе деп ойлайтындар да бар. зерттеушілер оның жылдың он екі әйімен сәйкестігін алға тартады. он екі жылда бір мүшелге толатынын тағы ескергеніміз жөн. аспан әлемінің он екі шоқжұлдыздық құрылымын ойласақ, малдың мүшесінің он екіге жіліктелуінің себебін осыдан іздеуге болады.     соғым сойғанда көрші-қолаң, туыс-туғандардың басы қосылып, шаруаға көмекке келетін болған. көмекке келген соғым иесі еңбек ақысыз жібермеген. шаруаның ауыр, жеңіліне қарамастан тиісті ақысын берген. оны тіпті қазақтар «қол үздік» деп те атайды екен.     «қол үздікті» - соғым сойған, етті мүшелеген ға береді. «ауыз омыртқаны» союшы алады екен. ең бастысы, соғым сою - отбасы үшін үлкен қуаныш, ерекше мереке күні. бұл күні соғым иесінің үйінде алғашқы дәм «қуырдақ» әзірленеді. өкпе, бауыр, еттен дайындалған дәмді қуырдақты жеген туған-туыс, көрші-қолаң «соғым шүйгін болсын! » деп ақжарма тілегін жеткізеді.
Kетушка9
4,7(84 оценок)

ойнайды ойнайды ойнайды

Объяснение:

ойнайды

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS