Ответы на вопрос:
қазақстанның болашағы қазіргі жастардың қолында. оны елбасымыз өз жолдауында анық айтып көрсетті. біздің отанымыз жаңа кезеңіне аяқ басты.
ел президенті нұрсұлтан назарбаевтың биылғы жолдауының мәні де, маңызы да бөлек. бұл жолдау ел ң белгілі бір асуын бағындырып, келесі асуға бет алуын көрсеткендей әсер қалдырды. елбасы көкжиегімізді 2050 жылға дейін ұзартып отыр. ел үкіметі мен халықтың алдына нақты міндеттер қойды. 2050 жылға қарай қазақстанның әлемнің ең ған отыз елінің қатарына кіру жоспары белгіленді. бұлар құрғақ қиял емес, барлығы да ғылыми негізделген, қаржылық және кадрлық ресурстармен тиянақталған қол жетер армандар. көптің ойына келмеген бастамалар көтеріп, тұтқиылдан тосын шешімдер қабылдау және соған жұртшылықты жұмылдырып, тиісті нәтижеге қол жеткізу – елбасының өзіндік машығы, ойының озықтығы. кезінде ел ордасын көшіру, 2030 стратегиясын іске асырып, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру сияқты өршіл бастамаларды ойлана қабылдағанымыз рас. бірақ, өмірлік ақиқаттар қабылданған шешімдердің дұрыстығын дәлелдеп отыр. бұл ретте алға мақсат қоя білудің және ол мақсатты дұрыс қоя білудің маңызы зор. елбасының сөзімен айтқанда, «орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді». қазақстанның осы кезеңдер ішінде қол жеткізген жетістіктерінің барлығы да тәуелсіздіктің арқасында болып жатқаны даусыз. «қазақстан-2050» стратегиясында айтылғандай, «біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз қазақстанды құрғанымыз». сондықтан да, халқымыз үшін тәуелсіздік ең үлкен құндылық болып қала береді. алға қойған мақсат, стратегиялық жоспарлары да, ел халқының ерік – жігері мен күш – қайраты да ел тәуелсіздігін баянды етуге жұмылдырылды.
тәуелсіздіктің басты бір тірегі – мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. әсіресе, елбасының 2025 жылы қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшіліктің көңілінен шығып отыр. жолдауда «мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
ел ң келесі кезеңіне бағыт алған тұста мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жай-күйі қалай болады деген сауал әркімді де қызықтыратыны анық. стратегияда бұл мәселе де ерекше аталып өтілген. елбасы бұл жолдауында қазақ тілінің алдағы уақыттағы тағдыры туралы көпшілікке қарата: «қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.
қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігін ұмытып қалады. ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. сондықтан, оған бей-жай қарамайық. еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы біздің қолымызда. осы ретте елбасымыз нұрсұлтан назарбаевтың: «мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын деген болатын». біз, жастар кез келген сынаққа дайын болып, бәсекеге төтеп беруіміз керек. ата- аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. ендігі кезек “жастарда” яғни бізде. біз, өз отанымыз қазақстанды жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуіміз қажет. сонда ғана бойымызда патриоттық сезім пайда болады. алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сіздердің, яғни, болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. «жастар - болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. әрбір өсіп келе жатқан ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. біздің әлеуметтік- қ жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық - саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.
әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. ел сенімін, үмітін ақтау, еліміздің жарқын болашағына үлес қосу әрбір саналы да білімді жастарымыздың қолында.
«қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында! ».
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Vladimir102345678930.04.2020 02:23
-
goldfox123.06.2022 10:06
-
Superymniaha23.04.2020 14:06
-
deniskin27820.05.2021 22:04
-
Емсимася14.07.2022 12:58
-
привет636512.10.2020 09:48
-
trohy7111.11.2021 19:29
-
maksosipow18.01.2020 12:41
-
Kinder164410.04.2021 13:03
-
moonlight12107.11.2021 11:55
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.