Ответы на вопрос:
Төл – ауыл шаруашылық малдарының өсіп- процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы. әр түлік төлінің өз атауы бар: түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозы, ешкі төлі –лақ деп аталады. түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. сүтқоректі жануарлардың төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. туылғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. ірі қара (сиыр,жылқы, түйе) төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. жылқы өсіру; қой шаруашылығы; мал шаруашылығы; сиыр өсіру; түйе шаруашылығы). түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары – енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар – енелерімен бірге бағылады. қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай төлдер туылғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. өсімге қалдыруға жарамсыз төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Vikatop1023.04.2020 00:08
-
onpapion30.04.2023 17:02
-
Intagul26.08.2021 19:53
-
olgaerchik13.02.2022 19:51
-
satinovgerman04.06.2021 00:36
-
igoreha307.05.2022 22:27
-
zemairen23.07.2021 16:25
-
Neznaikakrasno03.10.2020 15:00
-
KingTheCat09.05.2020 00:59
-
SmOkEnSHit28.04.2022 13:19
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.