Ответы на вопрос:
Жырауларды халык, қадір тұтқан. ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. жыраулар поэзиясы хv-хvii ғасырлар аралығын қамтиды. жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, ілік қасиетті насихаттау. жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер. жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді м.әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –асан. бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған. халқымыздыңосы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама шәкәрім де ден қойған. ол "ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған: олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", " жанының жайма шуақ кезеңі" –бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері мағжан жұмабаев та "батыр баян" поэмасында.демек, жыраулар поэзиясы –халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарынжырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. мысалы, тәтіқара ақын: жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, ілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған"– шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. жыраулар поэзиясында ілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық. жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, ілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. оған бірнеше мысал келтірейік: жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. есірген есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен. ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. оның "күмбір-күмбір кісінетіп" толғауынан, табиғат пен тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады. әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде – xviii ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай қан бұқар жырау. оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
monster19977s220.04.2022 07:00
-
0HIMiK027.01.2021 12:50
-
rasulR111.11.2021 09:37
-
андрейка4617.03.2020 03:32
-
Буся221204.09.2022 01:47
-
belozerovyurik10.03.2020 23:33
-
Pots15020411.02.2020 22:46
-
dmit020.03.2021 06:11
-
Greeegooo29.06.2023 20:52
-
kuchera218.01.2020 09:50
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.