Есть ответ 👍

Зарание ! сочинение по казахскому языку с переводом на на тему, менің ана тілі қазақ тілі

210
458
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

Razzey
4,8(59 оценок)

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына . себебі не? себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.әр халықтың өзінің ана тілі бар. тіл – жеке ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.тіл – атадан ға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. тіл – еліміздің іргетасы, «ұлттың қуаты тілінде».тілдің өмірі үшін мәні айрықша. тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «тіл – асыл ойдың бұлағы». «тіл –құдірет». «тіл - тәуелсіздік тұғыры». «тіл – ұлттың жан дүниесі».тіл құдіреті - ерекше. оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.тіл – ұлттың жан дүниесі. расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.«тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз xi ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі ахмет иүгінекидің есіміне қатысты.үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. сондықтан да болар ел басының «қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі ға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. басты кемшілігіміз – осы.қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын шона сымаханұлының бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды: қазіргінің ,көп білем деп көкиді.әкесінің жазғанын аудармадан оқиды.«ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ақын оразақын асқар «тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде: көрінесің көзге шыққан сүйелдей,сұрақтар да шаншу болып тиер кей.құтылмайсың барлық тілді білсең де,өз тіліңнің көмегіне сү тілінде ата-баба сыры бар,аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.өсе келе құстың тілін білсең де,ана тілсіз оның қандай құны бар, - деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін баяндаған. «тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. күндердің күнінде сарқылады, тозады. халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.
arioom
4,5(69 оценок)

оқушы түбір, лар көптік жалғауы, дың ілік септігінің жалғауы

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS