Есть ответ 👍

Сочинение по казахскому көп улттык қызық елінде турамын

277
386
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

eldiev2005
4,6(26 оценок)

Біздің отанымыз қазақстан республикасы. ол көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір өз отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. әлем таныған отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. біз – ынтымағы жарасқан елміз. қиын-қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып отыр.ынтымағы жарасқан елге барам деген нақыл сөз бар. еліміз жаңа xxi ғасырға, жаңа мыңжылдыққа үшін ең қымбат қазына - ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді - қастерлеп сақтай отырып, қ басты. бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың қ теңдігі, саяси және мәдени , өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті. елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды. бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз. бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан. тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. осы кезеңде қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш нұрсұлтан назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.  тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.байырғы қазақ жерінде” деп қазақстан республикасының консти¬туция¬сында айтылғандай, біздің мемл¬е¬кетіміз табиғатынан бірұлттық мемлекет. құрамы жағынан онда көп этностық топтар мекендегенмен, біз диаспора¬лардың мемлекеті емеспіз. әлемде тек бір ғана ұлт мекендейтін мемлекет жоқтың-қасы. бүгінгі көші-қон толқыны ұлттар-дың араласуының қарқынын одан әрі өсіреді. сондықтан мемлекеттердің барлығы көпұлтты мемлекет деген пікір тарады. дегенмен, көпұлтты мемлекеттің өлшемдері даулы, олармен келісу мүмкін емес, болмаса шартты түрде ғана келісуге болар. себебі, мемлекетте басқа ұлттардың өмір сүруі оларды көпұлтты деуге негіз емес. дегенмен қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары деп сенімді түрде айта аламыз. нұрсұлтан әбішұлы «тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. енді, еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. тарих көші ұзақ. асықсақ та, аптықпайық. қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. сенімнен айырылмайық, бауырларым», - деген еді.  тәуелсіздікпен бірге діліміз бен дініміз, рухымыз, дәстүріміз бен мәдениетіміз оралды. төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты ң «мәңгілік ел» мұраты қайта жалғанды.  қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. ең бастысы – көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «туған жер – отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық. қортынды: ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. осы берекеміз бұзылмағай. қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз. тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды !
dashko4etckowa
4,7(49 оценок)

Сабыр етсең,соның соңы сары алтынмен тең деген мағынада.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS