Ответы на вопрос:
Объяснение:Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.
Бәйтерек туралы ұғым-түсініктер халық мифологиясында ерте заманнан бар. Кейбір халықтардың мифологиясында баяндалғандай, әлем моделі екі түрлі болады. Бірі - тік те, екіншісі, көлденең құрылым. Осының екеуі де қазақ мифологиясында бар. Көлденең модельдің көрінісі дүниенің төрт бұрышын кезген Қорқыт туралы әпсанада кездеседі. Өлімнен құтылу үшін батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке де барған Қорқыт барлық жерде өзіне қазылып жатқан көрді көріп, ең соңында Сырдарияның қақ ортасына келіп дамылдайды. Сырдария өзені бұл жерде тұтас әлемнің кіндігі болып көрсетіледі де, жартылай көлденең, жартылай тік модельдің бейнесі ретінде суреттеледі.
Ежелгі мифологиялық таным бойынша үлкен өзендер әлем ретінде қабылданады, өзен басы - жоғарғы қабат, ортасы - ортаңғы қабат, аяғы төменгі қабат. Қорқыттың Сырдарияның қақ ортасына келу себебі де осы. Мұндай үш қабат - тұтас әлем туралы мифологиялық түсініктің бізде де сақталғаны жөнінде Ш.Уәлиханов жазып қалдырған.
Әлем халықтарының мифологиясында үш қабаттан тұратын әлемді үлкен зәулім ағаш түрінде суретгеу кең орын алған. Бәйтерек немесе Дарақ ағаштары мифтік үш қабатты, яғни аспанды, жерді, жерастын тік бағытта жалғастырып тұрады. Ғылымда оны әлемдік ағаш деп атайды. Бүкіл ғаламның тағдыры осы ағашпен байланыстырылады. Ол - төменгі, ортаңғы, жоғаргы қабатты, бір-бірімен араластырмай, ұстап тұрған тіреу, тұтас әлемді таза ұстауға қызмет атқарады, осы үш қабаттағы тіршілік иелерінің тағдырларына әсер етеді. Зәулім ағаштың түбінде, яғни төменгі қабатта үлкен жылан жатады, ал ұшар басында, яғни жоғарғы қабатта құс патшасы тұрады, бұлардың бәрі - мифтік санада орныққан түсініктер.
Көнеден келе жатқан қазақ мифологиясында Бәйтерек - күллі ғалам бейнесі, ол жерастынан өрлеп, жер үстін көктей өтіп, аспанға тіреледі. Байырғы ортаның мифтік санасы көрінетін ауыз әдебиеті нұсқаларында қаһарман әртүрлі себептермен жерастына түседі. Төменгі әлем қараңғы, зұлым күштердің мекені, өлілер патшалығы. Осы әлемге тап болған қаһарман көкке тірелген Бәйтерекке келеді. Бәйтеректің түбінде айдаһар, төбесінде Самұрық құстың ұясы, ұяда жұмыртқа немесе жаңа ғана жұмыртқадан шыққан шақа балапандар. Мифтік қаһарман айдаһарды өлтіріп, балапандарды ажалдан құтқарады. Самұрык құс қаһарманға ризалығын білдіріп, Бәйтеректі бойлай ұшып, оны төменгі қабаттан ортаңғы қабатқа алып шығады. Әлемнің төменгі қабатына түскен мифтік қаһарманға жарық дүниеге шығатын жол тек Бәйтерек арқылы жүзеге асады.
Бәйтерек зұлымдық патшалығының өкілі айдаһарды үстіңгі қабатқа жібермей, қаһарман келгенше төменде жорғалатып қояды, тіпті төбесіндегі балапандарға да жібермейді. Сөйтіп Самұрықтың ұясын да, жоғарғы қабатты да таза ұстайды, өзі де шайқалмай, тіп-тік күйінде тұрады. Ол - мәңгіліктің символы. Самұрық қаһарманды жер бетіне алып кеткенде де Бәйтерек оның ұясын, балапандарын қарауылдап қалады. Бәйтерек тек үш қабатты байланыстырып тұрған дәнекер ғана емес, адамға ізгілік жолын көрсетуші, жақсылық жасаушы. Бәйтерек жай ағаш емес, ол өте үлкен, «үйдің жуандығындай», алты қанат киіз үйді көз алдыңызга елестеді. Мифологиядағы Бәйтеректің осыншама ізгілікті қызметі ел танымына ерекше ықпал етіп, керемет ағаш деген ұғым қалыптастырған да, «бәйтерек» сөзі қосымша астарлы мағынаға ие болган. Бәйтерек атауына байланысты тілімізде қолданылатын сөз орамдарынан оның бірнеше мәнде: кәдімгі зәулім ағаш; екіншісі, әлем ағашы; үшіншісі - мықты, зор, күшт мағынасында; төртіншісі, тірек, сүйеніш, қорған, пана мәнінде ұғынылатынын байқаймыз.[1
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Литература
-
maxcarleson120.05.2022 23:22
-
nam011.08.2021 18:54
-
алибекalmaiurbrhje20.04.2020 21:43
-
77Джи7713.06.2021 08:36
-
16Лера1114.03.2022 04:42
-
fedoseeva333503.02.2020 05:46
-
GrootShkolnik13.04.2021 05:14
-
ваня135614.01.2022 20:46
-
danilatnt08.01.2022 14:47
-
irina16200203.02.2020 15:22
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.