Есть ответ 👍

Сочинение о караганде на каз. яз (на сейчас и побольше)

275
497
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

vika220305
4,7(34 оценок)

менің туған қалам қарағанды қаласы. қарағанды қаласы қарағанды облысының әкімшілік орталығы. тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. алып жатқан жерінің аумағы (577км²) жағынан республикадағы ең үлкен, халқының саны бойынша (423,7 мың 2003) төртінші (алматы, астана, шымкенттен кейін) қаласы.1932 жылы оның халқы 70 мың болса, 1989 жылы 507,3 мың ға жетті. петропавл-шу темір жол станциясы, әуе, автомобиль қатынасының маңызды торабы.  іргесі қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. сарыарқының ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын бұқпа өзенінің екі жағалауында орналас-қан. климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, боранды, жазы ыстық, құрғақ, аңызық желді. қаланы сумен нұра өзені, ертіс-қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. қала шегінде күңгірт-қоңыр топырақ тараған. қараған, тобылғы, әр түрлі шөп, сұлыбас, т.б. дала белдеміне тән өсімдіктер өседі.қарағандының 170 жылдық тарихы бар. қараған көп өсетіндіктен қала «қарағанды» деп аталған. бұл жерден 1833 жылы байжанов аппақ тас көмір тапқан. өтепов деген бай қарағанды өңірін н.ушаковқа 250 сомға сатқан. орыс кен кәсіпкерлері ушаков пен рязанов 1856 жылдан бастап қарағандыдан көмір өндіре бастайды. өндірілген көмір спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған. 1856-87 ж. мұнда 303 мың тонна көмір өндірілді. 1899 жылы рязановтың мұрагері кен орнын француз концессионері карноға сатты. 1907 жылы кен орны ағылшын концессионерлерінің қолына көшті. 1899-1920 жылдар аралығында 815 мың тонна көмір өндірілді. қазан төңкерісінен кейін қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 ж. жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «қазаққұрылыс-көмір» тресі құрылды.бұл қарағанды көмір алабының ғы жаңа кезең болды. алғашқы бесжылдық жылдары қарағанды ірі көмір өндіру орталығы пайда болды.оны донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті.шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті.қарағанды көмірін оралға, батыс сібірге, орта азияға жеткізу үшін темір жолдар салында.2-дүние-жүзілік соғыс жылдары қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, темір жол көлігін көмірмен үздіксіз қамтамасыз етті.кеңес өкіметі жылдары қарағандыда өнеркәсіп саласыкеңінен .

крыня1
4,5(57 оценок)

мен - қазақ елінің ұланымын

елбасымыз нұрсұлтан әбішұлы «жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деп айтқандай, мен тәуелсіз қазақ елінің ұланымын, ерімін!

1991 жылы еліміз бүкіл әлемге "қазақстан" деген атпен танылып, содан бері 27 жыл да өте шығыпты. бұған дейін небір қиыншылықтарды бастан өткерсе де, оның бәрі артта қалып, еліміз әлемде өзіндік орынға, мәртебеге ие болды.

қазақ елі - бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел. осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

тәуелсіз елімнің іргесін мен сияқты қайсарлы, ата - баба өнегесінен тәлім алып өскен ұлтжанды қыран азаматтар қалайтын болады.

рухты еліміздің еңсесі асқақтап, тәуелсіздігі беки берсін!

     

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS