Ответы на вопрос:
Есімі алты алашқа танымал қазақтың маңдайына біткен айбынды, аламан батыры Баян туралы Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы бар. Қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғауда тайсалмас ерлігімен көзге түскен Батыр Баян Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Бұл туралы Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасында, жыраулар шығармаларынан, сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Батыр Баян поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші бөлімде батырдың шыққан тегі, оның қандай ержүрек жауынгер екені, сондай-ақ жоңғарларға шабуыл жасаған кезінде қалмақ қызын құлдыққа алып, абайсызда інісін өлтіріп қойғаны баяндалады.Баян Арқаның Обаған өзенін қоныс еткен уақ тайпасынан шыққан батыр. Ол ағасы Сары батырға еріп, қазақ тарландарының қатарына қосылған. Жауынгердің Абылай ханның ерекше құрметіне бөленгені соншалық, қазақ ханы Батыр Баянсыз соғысқа аттанбаған. Батыр жоңғарлармен болған ұрыстардың бірінде қалмақтың құралай көзді сұлуына ғашық болып, оын өзімен бірге алып кетеді. Алайда, 14 жасар қалмақ қызы Батыр Баянға тек ағасы ретінде қана қараған. Бұған көнген алаш батыры тұтқын қызға деген сезіміне тұмшаланады. Дегенмен, қалың жұртқа қалмақ қызына ғашық болғанын көрсеткісі келмеген батыр, 14 жасар бойжеткенді қарындасы ретінде қабылдайды. Себебі қалмақ қызының көзінен ғашықтық ұшқын байқалмаған соң, Батыр Баян махаббатын жария қылғысы келмеген. Алайда, батырдың сезіміне жауап бермеген бойжеткеннің көзі Баянның жалғыз інісі Ноянға түскен екен. Көкесінің ерке қозысы Ноян батыр сол кезде 15 жаста болған. Ол алғашында қалмақ қызының сұлулығы мен қылықты қылығына мән бермегенімен, кейін ағасының тұтқынына қалай ғашық болып қалғанын білмей қалды. Бір-біріне ғашық болған екі жас, сезімдерін біраз уақыт жасырып келді. Бір күні ғашықтар сөз байласып сайда жолығады. Сол сәтте қалмақ қызы мен Ноян батыр бір-біріне сезімдерін білдіріп, мәңгі бірге болуға сөз байласады. Алайда, қазақ жігітін сұлулығымен дуалап алған ару ғашығына бір өтініш айтады. Ол, қалмақ жұртында жылап-зарлап қалған ата-анасының батасын алмай еркекпен көңіл қоспайтынын айтты. Қыз Ноянға Сарыарқа даласында ешқашан бірге бола алмайтынып айтып, өз жұртына аттануға шақырды. Қалмақ қызына деген махаббат Ноянның санасын улағаны сонша, ол ғашығымен бірге кетуге келісті. Кейін екеуінің таң ата қашып кеткенін ауыл ақсақалдары Баян батырға жеткізеді. Бұны естіген ағасы не сенерін, не сенбесін білмеді. Ашуға булыққан Баянның екі көзі қызарып, ақыры құрал-саймандарын асынып қашқындарды қуып жетпекші болады. Ол атығай жұрты қоныс еткен Жалдыөзекке жеткенде екі атты адамды көріп, оларды садағымен атпақшы болады. Бойын ашу-ыза кернеген батыр алыстан «Жан ағалап» келе жатқан інісін танымай, садақпен атып түсірді. Бөбек Ноян ағасының атқан оғынан жерге құлаған сәтте, Баян батыр қалмақ қызына да садақ атты. Қыз түгілі, бауыр еті бауырын танымай қалған батыр ашумен жасаған қылығына өкініп, жылады. Ол соғысқа аттанып, қалмақ қызын құлдыққа әкелгеніне өкініп, інісінің денесін құшақтап еңіреп-зарлайды. Баян қозыдай бауырын өлтіріп қойғаны үшін өзін кінәлап, қайғыдан қан жұтады. Сөйтіп, амалсыздан інісі Ноян мен қалмақ қызының денесін жер қойнауына тапсырған Батыр Баян ұрыс алаңына аттанбақшы болады.. Ал екінші бөлімде Батыр Баянның жоңғарларға шабуыл жасаған кезде қаза болатыны айтылады. Қайғыдан қан жұтқан Баян Абылай хан жинаған батырлар кеңесіне барады. Қазақ ханы Батыр Баянның келгенін естіп, қатты қуанады. Абылай хан таң атысымен соғысқа аттанатындарын айтып, батырларын рухтандырады. Алайда, қазақ ханы мен батырларынан сескенген жоңғар қоңтайшылары Ұса мен Серен қулық әрекетке көшеді. Олар қалың қазақ қолына елші жіберіп, бар мүлік пен жерді қайтаратындарын айтады. Абылай хан қарсыластарының айтқан ұсынысын батырларына жеткізеді. Ханға қарсы шыққысы келмеген жауынгерлер кері шегінуге келіседі. Алайда, бұл шешім Батыр Баянның көңілінен шықпай, қазақ халқын қалмақтардың арбауына түспеуге шақырды. Ақыры Абылай ханның дегені болып, қалың қазақ қолы соғыссыз-ақ мал-мүлік пен жерді алуға келісім береді. Бұл шешімді құптамаған Батыр Баян жүз шақты жолдастарын ертіп қалмақ әскеріне қарсы шығады. Бір қазаққа мың қалмақ келген қанды шайқаста алаштың аламан батыры Баян жан досы Жанатайды құтқарамын деп қаза болады.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: География
-
Гашин14.09.2022 21:21
-
Anonimka0421.08.2020 15:01
-
innaalekseenko112.08.2020 13:29
-
Макслайв15.12.2021 02:51
-
dianaorlova0029.11.2020 20:53
-
Zufar161807.08.2020 15:05
-
mishasviderski16.10.2020 01:13
-
Leafyllall01.01.2023 21:30
-
azalhanovahalid03.07.2022 12:17
-
valeriaovsiann08.05.2021 17:38
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.