Ответы на вопрос:
эссе
көл
көлдер.жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.
көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысы
жоқтығында. көлдер жазықта да , тауда да кездеседі.
көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді.табиғатта ауданы бірнеше шаршы метр ғана ғана болатын өте кішкентай көлдер кездеседі.сонымен қатар үлкендігіне байланысты «теңіз» деп аталатын ірі көлдер де бар.көлдер тереңдігі жағынан да әртүрлі. еуразиядағы байқал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл. оның ең терең жері 1620м.
қазақстан көлдерінің ең ірілері : каспий,арал және қаш .
каспий – дүние жүзіндегі ең ірі көл.л солтүстіктен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр. біздің елімізге бұл ірі көлдің солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. каспийдің ең терең жері 800 м-ден асады. каспийде қ көп ауланады.жағалауында және солтүстік-шығысында мұнай мен газдың мол қоры бар.
арал аумағының үлкендігі жөнінен екінші орын алады.сырдария мен әмудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты арал теңізі тартылып бара жатыр. оның жағасы 100-200 км-ге дейін шегініп, босаған жерлерді тұз бен құм басуда.қазіргі кезде
теңіз екі су қоймаға, яғни үлкен және кіші аралға бөлініп кеткен.
қазақстанда көлемі жағынан үшінші орында қаш көлі тұрады. бұл көлдің бір ерекшелігі – оның батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы.
көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған? жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған.мұндай көлдерді тектоникалық көлдер деп атайды. тектоникалық көлдердің мысалдарына сібірдегі байқал , тянь-шаньдағы ыстықкөл, алтайдағы зайсан жатады.
кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де көлдер пайда болған. мысалы, памирдегі сарез, іле алатауындағы үлкени алматы көлдері. мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады.
каспий, арал көлдері – осындай қалдық көлдер.
кейбір көлдер сөнген жанартаулардың кратерлерінде пйда болды.
оларды жанартаулық көлдер деп атайды. мұндай көлдер ява аралында, куриль аралдарында, камачатка түбегінде бар.
жазық жерлердегі өзендер өз бағытын өзгертетін болса, олардың ескі иірімдері шағын көлге айналады.бұлар – ескі арна көлдері немесе қарасулар.
ағынды және ағынсыз көлдер.көл суының көптеген қасиеттері, әсіресе тұздылығы оның ағынды немесе ағынсыз болуына байланысты.ағында көлден өзен ағып шығады.ондай көлге тұз жинақталмайды, өзен ағып шығады.сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.
ешбір өзен ағып шықпайтын көлдер де бар. су ағып шықпйтындықтан, оларда біртіндеп тұз жинақтала береді. мұндай
көлдерге құятын өзендер жерден шайынды қалпында әр түрлі тұздарды алып келіп отырады.көлдегі судың біразы буланып кетеді, ал қалған судағы тұздың мөлшері бірте-бірте арта түседі де , көл тұзды көлге айналады.құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетеді де, түбінде тек тұз қалады. осындай көлдерді шөкпе немесе тұнба көл деп атайды.
көлдің батпаққа айналуы.жаңбыр және қар суы жер бетін шайып, көлге әр түрлі заттарды ағызып алып келеді. сол сияқты көлдің түбіне өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары шөгеді. көл
бірте-бірте тайыздайды да, оны ылғал сүйетін өсімдіктер басып кетеді.
көлдің тайызданған жеріне қамыс, құрақ , қияқ , мүктер қаулап өседі.
шіріген өсімдік қалдықтары көлдің түбіне жиылып, соның салдарынан көл тайыздай бастады.нәтижесінде көлдің орнында батпақ пайда болады.
көлдердің шаруашылық маңызы. көлдердің шарушылықта пайдасы үлкен. олардың ең бірінші байлығы – тұщы суы.көл суын ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды. көлдер кеме қатынасы үшін пайдаланылады. мысалы, каспий көлі арқылы қазақстан, ресей, әзірбайжан, түрікменстан, иран мемлекеттерімен байланысып тұрады.
сол сияқты солтүстік америкадағы ұлы көлдер (жоғарғы көл, мичиган, гурон, эри, онтарио) ақш пен канаданың арасындағы су жолы қызметін атқарады. ресейдегі онега мен ладога көлдерінде де кеме қатынасы үзілмейді.
көлдер әр түрлі жануарлар мен өсімдіктерге бай. олардан кәсіптік маңызы бар ң түр-түрі ауланады.тұнба көлдерден тұз өндіріледі.
қазақстанның кіші-гірім көлдерінен әр түрлі тұздардың орасан зор қоры табылды, оның өнеркәсібін өркендету үшін зор маңызы бар.сонымен қатар көлдер өзен ағыстарын реттеп отырады, мысалы, олар қуаңшылық кезде өзенді сумен қамтамасыз етсе, су тасуы кезінде артығын өз шарасында жинайды.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Ilusich16.02.2020 21:46
-
дашуля29626.01.2021 20:18
-
chuksin200801.12.2020 10:18
-
Карапиди04.05.2020 09:02
-
nikita202408.09.2021 23:43
-
pbavaМАНЯ07.02.2022 14:46
-
KarinATseGeLnyK09.03.2020 10:45
-
лина2805123.04.2023 09:43
-
partybally29.08.2020 11:57
-
НикаКотикТян21.11.2022 07:50
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.