Ответы на вопрос:
Қазақтың ұлттық ойындары көкпар - көкпарда «дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. тартылатын серкені бір өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. серіктері жолдастарын жебейді. қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. ол топқа қарай ала қашады. қарсыласы қуалайды. жетіп ұстаса, қайта тартысады. сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. ал аты ұшқыр , жүйрік жігіттер түптегі тартыста-ақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. көкпар тартуға араласа алмайтын қ, көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді. біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайдыда, ел жапа-тармағай тартысқа кіріседі. бұл дода деп аталады. мұнда да мықты жігіттермен жақсы ат көзге түседі. мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді. аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр. қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек. күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. ң жеке күш-қайраты сынға салынады.бұл тұста ел жастарды «күш – атасын танымас» деп қайрайды. бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
vaki312.07.2020 10:49
-
alexaFat05.06.2023 03:20
-
Vernаrd09.06.2020 03:50
-
abduldibirov24.10.2020 18:24
-
Aleksey8b19.03.2021 19:05
-
29042902.11.2022 16:28
-
12356гад20.01.2021 02:27
-
drswag1231203.02.2022 13:16
-
AknelaYouTuber29.04.2022 07:47
-
Lololo56703.07.2020 17:23
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.