Есть ответ 👍

Правила кокпар о казахской игры на казахском языке

259
318
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

XXXOtlichnikXXX
4,5(32 оценок)

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. семіз серке терісі жыртылмайды. орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан көкпарға тартпайды. көкпар – орталық азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. ол қырғыз, өзбек тілінде “улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да шығыс елдерінде де бар. ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны көкпарға өте ұқсас. сондай-ақ, аргентина халқының да көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. жаппай тартыста әркім көкпарды өзі иелік етуге тырысады. дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. мұны кейде марта тарту деп те атайды. қазақстанда 1949 ж. көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. осыған сәйкес көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. ал 1958 жылдан көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. егер әр команда 5 болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 болса – 500х200 м, 15 болса – 700х300 м, 20 болса – 1000х500 м болады. алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына көкпар қойылады. жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. белгіленген уақыт ішінде қай команда көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді
basik2017
4,4(43 оценок)

По накалу страстей, риску и даже некоторым правилам кокпар сравнивают с хоккеем. правда, вместо шайбы здесь – обезглавленная туша козла, а вместо коньков – настоящие кони.  джигиты в красивых костюмах картинно отбирают тушу друг у друга
Stanislava153
4,4(3 оценок)

Сан есім  - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. есептік сан есім өзге сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). реттік сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. болжалдық сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік сан есім жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS