Ответы на вопрос:
Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. қазақ халқындағы “ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың және рухани маңыздылығын білдіреді. мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. олардың әлеуметтік ортасы да ға қолайлы болуы қажет. бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) мүшелерінен тұрды. ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық ең қатты сақталатын түріне жатады. фольклордағы ғашықтар осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. мұны басқа тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. “құда — мың жылдық” деген ұғым осыдан пайда болған. қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуы тұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт бір әулет сияқты туыстастырды (“қарға тамырлы қазақ”). ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз. біріншіден, рулық-ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке меншік ған. ол рудың меншігі болып есептелген. бай ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде табыс көзіне айналған. тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та бүкіл ауылдың келіні болып есептелген. әмеңгерлік, жесір дауы сияқты әлеуметтік құбылыстардың да тамыры осында. екіншіден, ауылдар арасындағы әр түрлі қайшылықтар мен күрделі мәселелерді ауылдың беделді — ақсақалдар мен билер реттеп отырған. әдетте, қазақ ауылына 5 — 6 түтіннен 10 — 15-ке дейін құрған. бұл ортақ шаруашылық жүргізу мүддесіне байланысты пайда болған. көп малды бір жерде шоғырландырып ұстау шаруашылық үшін тиімсіз. қазақ ауылын үлкен отбасылық патриархалдық қоғам деген пікір шындықпен сыйыспайды. себебі, мүмкіндігі бар ер жеткен енші беріп жеке шығарған ауылдан ауыл бөлініп, көрші орналасқан. кенже ұл әкесінің, “қара шаңырақтың” мұрагері болып есептелген. әрбір ауыл көшпелі , молда (кейінірек мұғалім) ұстаған, кілем, алаша, басқұр, шекпен т.б. тоқитын, үйшілік, зергерлік, ұсталық ететін қолөнершілер болған. ауыл ән мен күйдің, өлең мен жырдың, ақындар айтысы мен шешендер сайысының орталығы болып, ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, халық өнерінің нағыз бастауы болды. қазақ ауылнда үйлер алқа-қотан тігіледі, мал қоралау, өргізу үшін, ауылдың бір жақ шеті ашық қалдырылады. ауыл көрінісіне тән нәрсе: шұрқыраған маңыраған боздаған , желіде тізілген көгенделген қозы-лақ, асыр салған құлын-тай болып келеді. ауыл маңында міндетті түрде бұлақ жемесе құдық, оның басында қауға, үлкен ағаш науа болады. ауылдың көшіп-қонудағы басты мақсаты — мал тойындыру. қоныс неғұрлым жиі ауыстырылып, өріс жаңғырып отырса, мал соғұрлым күйлі, семіз, сүтті болады. қазақ жылдың төрт маусымын өрісінің сонылығына, судың молдығына қарай: өре жимас, майқұйрық, ақ бастау, егінді бұлақ, қопалы, миялы т.б. жіктеген. табиғи апаттар (қуаңшылық, індеттер), әлеум. және саяси аласапыран оқиғалар (сыртқы жаугершілік, ру-тайпа аралық тартыс, елдік бірліктің әлсіреуі т.т.) қ топтасудың бұл түрін күрт өзгерген ортада дәрменсіз етті. 19 ғасырдан бастап қалыптасқан жаңа жағдай қазақтың ауылдық типін күйзеліске ұшыратқаны белгілі. ол батыстық (ресейлік) қысымға шыдай алмады. осының нәтижесінде тозу, қақтығыс, мәдени дағдарыс көріністері ауылдық-тектік қоғамды жайлай бастады.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Ksenichka77717.02.2022 08:52
-
alinamalinavkjkjh16.11.2020 13:28
-
еаае1ьп25.04.2022 20:26
-
123456789084704.07.2020 06:28
-
muzess28.05.2022 16:52
-
regina100227.02.2023 06:32
-
Egorkalyadov0306.03.2021 03:58
-
DashaL10923.09.2021 21:23
-
bolshakovatanyoxd2gr29.06.2020 17:29
-
Turtlrs04.11.2020 03:52
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.